Кітапхана – білімнің қайнар көзі. Ал сіз әлемдегі ең үлкен кітапхананың қай жерде екенін білесіз бе?
Әлемдегі ең үлкен кітапхана АҚШ Конгресінің кітапханасы, ол Вашингтон қаласында орналасқан.
Кітапхана қоры – 470 тілде жазылған 155 миллионнан астам кітапты құрайды. Сонымен қатар, кітапханада түрлі қолжазбалар, аудиожазбалар мен фильмдер бар. Ғимарат оқырмандарды өзінің сәулетімен және бірегейлігі мен қызықтырады. Мұнда мектептен бастап, үкіметтік ұйымдарға арналған әдебиетке дейінгі, әр түрлі сипаттағы оқулықтар көп.Кітапханада 18 оқу залы бар, олар күніне 1500-ге жуық келушілерді қабылдай алады. Жыл сайын бұл мекемеге шамамен 1.7 миллион оқырман келеді, ал қызметкерлер саны 3600 адамды құрайды!
Кітапхананың құрылу тарихы. Мекеме 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ астанасы Вашингтон болған кезде құрылды. Бірінші қорды құруға үлкен сома бөлінді (сол кезде): 5 мың доллар. Кітапхана 15 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеді, алайда соғыз кезінде кітапхана қирап қалды. Барлық құнды қағаздар өртеніп, кітапхана қорынан айырылды. Соғыс аяқталғаннан кейін бұрынғы Президент Томас Джеферсон өз кітап колекциясын 24 мың долларға сатты. Осылайша кітапхананың қайта жандануы басталды. Бірақ бұл ұзаққа созылмады, өйткені 1851 жылы кітапханада шыққан өрт кітаптардың көп бөлігін жойды. Сондықтан қалпына келтіруді басынан бастауға тура келді.
Кітапхана қорының толығуы. XIX ғасырда АҚШ үкіметі, "мемлекетте жарияланған кез-келген кітаптың кем дегенде бір данасынан кітапхана қорына тапсырылуы керек" деген заң шығарды. Кітапхана күн сайын 15 мың кітапқа толығып отырады.