Әлемдегі ең орынсыз заңдар... (I)

Әлемдегі ең орынсыз заңдар... (I)
жеке
блог

Сәлеметсіздерме массагеттіктер!!! Бүгін мен сіздерге әлемнің ең орынсыз заңдарын ұсынбақшымын... Өзім оқыған кезімде қатты таңқалып едім... Енді осы таңқалуымды сіздермен бөліспекшімін!!!
Сонымен, әлемнің ең орынсыз заңдары:

Индиана, США
Қазаннан Наурызға дейін ваннаға түсуге болмайды екен... (Мүмкін суға эконом айлығы шығар)
Ата аналар егер де балаларының денсаулығы үшін Құдайға құлшылық еткенін дәлелдей алса, онда, баланың емделу шараларының ақшасын төлемеуге болады екен.
Жексенбі күндері көлік сатуға болмайды.
Құстар мен қояндардың түстерін өзгертуге болмайды... (Ал, оны қалай өзгертеді?)
Көп сүйісуге болмайды екен... (Сонда, бәрі бірін бірі аңдып жүре ме, қанша рет сүйіскендігін санап???)
Парктерде қарбыз жеуге болмайды...
Мейрамханалар мен барларда алкогольді сыраларды тұрып тұрып ішуге болмайды екен...
17Жасқа толған бойжеткендер машина жүргізушәлеріне мені зорлады деп сотқа арыз жазуға болады екен. Дәлелдеуі:Егер де әлгі қыз Нәскисіз немесе Чулкисіз мәшинеден түссе, жүргізуші айыпты болады...
Егер де консервленген банкіні қарумен ашатын болса, үш жыл бас бостандығынан айырылады...


Калифорния, США
Бақаны жалауға болмайды екен...  (Жалаған адамдар ханшайымға немесе ханзадаға айналам деп ойлайтын шығар, сірә...)
Бұл жерде тағы да еркектің ішкиімімен мәшинені жуу үлкен қылмыс болып саналады екен...
Егер де екі сиырың болмаса, ковбой стиліндегі аяқкиім киюге болмайды.
Қалаға жақын жерде ядролық бомбалар жаруға болмайды екен... штраф 500$...


Айова, Форт Медисон қ. США
Өртсөндірушілер өр сөндіруге шықпас бұрын кем дегенде 15 минуттық жаттығу жасау керек екен.
Сент Луиста ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРГЕ Тіржалаңаш немесе пижамадағы әйелдерді құтқаруға болмайды екен.

 

Флорида, США
Басы бойдақ қыздарға купальникпен парашюттен секіруге болмайды екен.Бірақ тек жексенбі күндері.
Купальникте ән айтуға болмайды екен.
Скейтбордта арнайы нөмірсіз жүруге болмайды екен.
Душты тіржалаңаш қабылдауға болмайды екен.
Күніне үш тәрелкеден артық сындыруға болмайды екен.
Майамида велосипедті бипылдатқышсыз айдауға болмайды екен... Бірақ та ол бипылдатқышты қосуға да болмайды.


Алабама, США
Еркектерге әйелдерін таяқпен ұруға болады екен, егер де таяқтың диаметрі еркектің бас бармағымен бірдей болса... (Онда, ол жәй шыбық қой)


Лос Анджелес, США
Күйеулері әйелдерін белдікпен ұруға болады екен, егер де белдіктің ұзындығы 12 см болса... Ал тағы бір қаласында немен ұрса да рұқсат екен, бірақ тек қана айына бір реттен.


Теннеси, США
Қала тұрғындары автокөлікпен мал жануарларын қағып кетсе, оны азық ретінде қолдануға болады екен. Ал, егер де адамды қақса, оны күн батқанша жеп тастауы керек екен...


Техас, США
Үш жұтымнан артық сыраны тұрып тұрып ішуге болмайды екен.
Бұл штатта жалаң аяқ жүру үшін 5$ төлеу керек екен.
Қылмыскер өзінің өлтіретін адамына бір тәулік ішінде ескерту хатын жазу керек екен.
Құс қауырсынынан жасалған шаңсүрткішпен шаң сүртуге болмайды екен.
Түнге 12 ден кейін жексенбі күндері сыра сатуға болмайды екен.
Егер лифтте ауызың сасыса , ол да қылмыс болып, сот ісімен шешіледі екен...
Tongue outБір үлкен мемлекеттерді басқара отырып, осындай орынсыз заңдар шығарып отырған Президенттерге таңым бар... ӘЛДЕ ІСТЕЙТІН ІСТЕРІ ЖОҚ ПЕКЕН? Әлде Басқа елдерге күлкі болу үшін осындай заңдар ойлап табады мекен?
ҚАЛҒАН ЗАҢДАРДЫ КЕЛЕСІ ЖАЗБАМДА ОҚИ АЛАСЫЗДАР.