Әлемдегі ең жолы болғыш адам
блог
Әлемдегі ең жолы болғыш адам Хорватия тұрғыны. Есімі – Фрейн Селак (Frane Selak). Ол Хорватияда музыка мұғалімі болып қызмет істейді. Фрейн әлемге 2002 жылдың маусымында лотереядан миллион доллар ұтып алып танылды. Ұтыс әкелген лотереяны соңғы 40 жылда алғаш сатып алуы еді. Содан бері Фрейн Селак – әлемдегі ең жолы болғыш адам. Жалпы, ол бұған дейін де «жолы болғыш адам» болатын. Жеті рет өміріне қауіп төндірерлік апаттан аман қалған.
1962 жылдың қысында Фрейн мінген пойыз рельстен шығып кетіп, өзенге құлайды. Бұл апаттан 17 адам суға батып қаза болды. Ал бірнеше жарақат алған Фрейн Селак жағаға жүзіп шығады.
1963 жылы ұшып келе жатқан ұшақтың есігі ашылып кетіп, құлайды. 19 адам опат болған апаттан Фрейн тағы да аман қалады. Бұдан кейін Фрейн Селак жолдан шығып, өзенге құлаған автобустың жолаушысы болды. Сонымен қатар жарылуға шақ қалған автокөлігінен дер кезінде шығып үлгереді. 1995 жылы Загребтің бір көшесінде Фрейнді қалалық автобус қағып кетеді. Ол бұл жолы да есеңгіреп, бірнеше жарақат алып, аман қалады.
Иә, мұның бәрі бір адамның басынан өткергеніне сенбессіз. Десек те, Фрейн Селак – әлемдегі ең жолы болғыш адам.