Әлемдегі ең ерекше тыйымдар

Әлемдегі ең ерекше тыйымдар
жеке
блог

Әрбір тәуелсіз елдің өз өңіріне сай ерекше заңдары бар. Олар әлеуметтік өмірді жәнеде жақсарту мақсатында қабылданады. Бірақ, кейбір елдерде қабылданған заңдарды естігенде не айтарыңызды білмейсіз. Біз сіздерді ерекшеленіп тұрған кейбір заңдармен таныстырып өтеміз.

Бурунди: жүгіру

Соңғы он жылдықта мемлекетте этник топтар арасындағы соғыстар тоқтаған соң, жергілікті халық топ-топ болып жүгіруге шығатын болды. Бұған екі себеп бар екен: бірінші себеп бойларында жиналып қалған энергияны шығарып жіберу, екінші себеп болса және соғыс бастала қалса физикалық тұрғыдан дайын болу.  Сол үшінде 2014 жылдың наурыз айында мемлекет президенті Пьер Нкурунзиза жүгіруге тыйым салатын заң қабылдаған. Содан кейін топ-топ болып жүгірген кісілер жазаланатын болды. 

 

Руминия: “Скрэббл” ойыны

80-жылдары Руминияның сол уақыттағы басшысы Николае Чаушеску “Скрэббл” ойынына заңмен тыйым салған. Тыйым салуға себеп болса, халықты бұзықттыққа бастауы мүмкін деп көрсетілген.  Бірақ, қазір бұл тыйым алып тасталған, елде “Скрэббл” ойыны федерациясы жұмыс алып барады және  түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады.  

АҚШ: “Киндер сюрприз” шоколадты жұмыртқасы

 

Бұл өнім әлемнің көптеген мемлекеттерінде кеңінен тарағанына қарамай  АҚШта заңмен тыйым салынған екен. Неге? Негізгі себеп бала білместен жұмыртқа ішіндегі ойыншықтыда жеп қоюы мүмкін екен.  Сол үшінде заңмен тыйым салыныпты. Шоколадты Канада шекарасынан АҚШқа алып өту жағыдайлары тез-тез көрініс береді екен.

 

Сингапур: сағыз шайнау

 

Бұл өз мағынасында емес , әрине. Мемлекет аумағында сағыз сатуға заңмен тыйым салынған. Тыйым салынуына 1992 жылы жүз берген кісі өлімі себеп болған.  Сол уақытта бір кісі сағызды вагон есігіне жабыстырып қойған. Дұрыс жабылмаған вагон есігі ашылып кеткен және есікке сүйеніп тұрған жолаушы аянышты жағыдайда қаза тапқан. Сағызды тек қана денсаулығына байланысты  дәрігерлер рұқсат берген аурулар ғана шайнауы мүмкін.

 

Франция: “Red Bull”

 

Бүгін бұл заң өз күшінде емес. Бірақ, 2008 жылға дейін бұл елде осы энергетик сусынды пайдалануға заңмен тыйым салынған еді.  Тыйым салынуына сусын құрамында таурина химиялық элементінің бар екендігі себеп болған. Бірақ, компания таурин элементі жоқ бірнеше өнімін ел аумағына енгізген соң заң күшін жоғалтқан.

Қытай: уақыт аралығына саяхат

Сөз кино және телевизион шоулар туралы. Қытай үкіметінің пікірінше осы секілді идеялар тарихқа болған құрметсіздік екен.  Сол үшінде соған ұқсас шоуларға заңмен тыйым салынған.

ОАР: президент үйінде суретке түсу

Өткен жылы үкімет президент үйінде суретке түсуге тыйым салған болатын. Бірақ, заңға қарамастан бір неше газеттер үйдің суреттерін басып шығаруда.

Монако: жергілікті тұрғындар үшін казиноларға бару

Дәл солай. Монакодағы “Монте-Карло” казиносына дүние жүзінен адамдар келеді, бірақ, ол жерге жергілікті тұрғындардың кіруіне тыйым салынған. Бұл заң 1860 жылы монако князы Карл III тәрепінен шығарылған.

Ұлы Британия: парламент үйінде өліп қалу

Өліміміз өз қолымызда болмасада,  парламент үйінде өліп қалуға тыйым салынған. Өйткені ол жерде қайтыс болған кісіні үкімет жерлеуі керек. Бұл үкіметке ешқандай пайда келтірмейді екен. Қызық ия...