Әлемдегі ең бай әйелді білесіз бе?

2014 жылдың 22қарашасында 89 жасына қараған шағында Еуропадағы ең бай әйел дүние салды. Оның есімі Мария дель Росарио Каэтана Альфонса Виктория Евгения Франциска Фитц-Джеймс Стюарт и Сильва. Елге танылған аты герцогиня Альба.
Марқұм, әлемдегі ең көп титулы бар әйел болды. 40 титулы бар герцогиняның активтері 3 млрд. еуроға бағаланып отыр.
3 рет тұрмыс құрған. 1-ші некесінен 6 баласы бар. Екі жыл бұрын яғни 87 жасында қайдан шықса, одан шықсын деп 3-ші рет тұрмыс құрыпты. Жолдасы 62 жастағы қара жаяу мемлекеттік қызметкер көрінеді.
Шын дүниеге аттанарда сеньора Альба «сүйікті жарына» көк тиын да қалдырмай кетті деген мәліметтер бар.Күйеуі өкінді ме, жоқ па, оны Құдай және өзі біледі.
Әйел тағдырына қарап,бақ деген осы ма, сор деген осы ма дерсің?! Герцогиня ақсүйек отбасында дүниеге келеді. Өмір бақи сән-салтанатта, неше түрлі қылықтар шығарып ғұмыр кешеді. Байығанның үстіне байи түседі. Қайырымдылықпен айналысады.
Герцогиня Альба: Мадридте бірнеше қамалдардың, әлемде қымбат саналатын картиналардың иесі.Әлемдегі ең бай әйелдердің бірі бола тұра, аса бақытты болды деп айтуға болмайтын секілді. Мен отбасын меңзеп отырмын. Ақша ақшамен, ал бақыт бір бөлек дүние



Бөлісу: