Бүгінгі күні әлемнің баспа қорында журнал мен газеттердің сандары мен түр-түрі кездеседі. Осы уақытқа дейін олардың әрқайсысы өз саласымен дамып, ақпараттың түр-түрін жариялады. Алайда, әлем бойынша ең алғаш журнал қашан?/қайда?/қай салада? шыққаны да адам баласына қызық, әрі өзіңе сұрақ қоюы әбден мүмкін.
Сұраққа жауапты ғаламторды ақтарып, тарих беттерін парақтайтын болсақ, әлем деңгейде ең алғашқы жарық көрген журнал – сонау 1665 жылы Франция елінде шыққан екен. Ең алғаш журналдың атауы «Журнал де саван». Осы журналдың ізінше, 1672 жылы дүниеге келген «Меркюр галан» жарық көрген екен. Бірақ, тақырыптан ауытқымай, «Журнал де саван» туралы жалғастыратын болсақ, бұл басылым 17 ғасырда жарыққа шығып, әрі ең алғашқы журнал болуынан-ақ, қазіргі заманның ағымына сай, үйреніп қалған жарқын басылымдарға мүлдем ұқсамайтыны әлбетте мәлім. Алғашқы басылымның ең алғашқы нөмірі он екі беттен тұратын кітапша еді. Алайда, сол беттердің мазмұны әртүрлілігімен ерекшелінді. Яғни, механикадан анатомияға дейінгі ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар туралы мақалалар, сот отырыстары туралы хаттамалар жарияланды. Айтып кететін жәйт, бұл басылым аптасына бір рет шығарылып, бірнеше уақыттан соң айына бір рет шығарылып бастады. 1816 жылы журналдың жаңаруымен оның тақырыбы ғылыми тақырыптан ауытқып, әдебиет пен қоғамдық – саяси өмірге көбірек материалдарды арнап, жариялай бастады. Ең қызығы, осы қалыпта журнал бүгінгі күнге дейін сақталды. Дегенмен, басылым жылына екі рет шығып тұрады.
Француздардың бастамасының арқасында басқа елдерде өте тез таралды. Яғни, «Журнал да саван» дебютінен екі ай өткен соң, Ұлыбритания Корольдік қоғамы өзінің «Корольдік қоғамның философия еңбектері» атты журналын шығарды. Көп ұзамай, Еуропа елдері де тартылды. Бірақ, ең маңызды факт, бұл – журналдың жариялануымен алғашқылардың бірі болып, француздар болды.
Жыл сайын журналдар көбейіп жатқан. Мысал ретінде, 1913 жылы Ресейде баспа мерзімді басылымдар бір жарым мыңға жуық болды. Ал тираждар енді жүздеген емес, мың даналармен есептелді. Қазір сурет одан да әсерлі: әртүрлі тақырыптағы жиырма мыңға жуық журнал миллиардтаған тиражбен шығарылды және бұл тек Ресейде. «Журнал де саван» он екі беттен тұратын басылым ешқандай салыстыруға келмейді. Бұл тұста француздар халқына ғана емес, күллі әлемге жаңаша толқын алып келгені үшін француздарды ерекше мадақтау керек!
Ғылыми жетекшілері: Майкотова Ғ. Т.,ф.ғ.к., доцент,
Әлім Ә,.А., аға оқытушы