Әлемде кім күшті?
блог
Әлемде кім күшті?
Адамдар алып денелі жануарларды күшті деп ойлайды. Алайда олардың бәрі біз ойлағандай аса күшті емес. Жер планетасындағы ең күшті, өзінен сан есе ауырлықты көтере алатын жануарлармен жәндікті сараптапты. Сонымен қараңыз.
1.Кене
Бүгінде әлемдегі ең күштісі осы жәндік. Қаншама кішкентай болсада өзінен 1180 есе ауыр салмақты көтере алады. Адаммен салыстырсақ бір адам 82 тонна жүкті көтере алады деген сөз.
2. Қара қоңыз
Бұл жәндікте өзінен 1141 есе жүкті көтере алады.
3. Құмырысқа
Өз салмағынан 50 есе жүкті көтере алады. Сонда бір адам 2,5 тонна жүк көтере алады.
4. Горилла
Бұл сүтқоректі жануар өзінен 10 есе ауырлықты көтереді. Аталық горрилланың ең үлкені 175 см және 200 кг салмақта болады дейді.
5. Бүркіт
Ұшатын қанаттылардың ішіндегі күштісі. Ол 16 кг салмақтағы жануарларды аулай алады екен. Бұл өз дене салмағымен салыстырғанда өзінін 4 есе ауырлықты көтере алады деген сөз.
6. Адам
Адамда әлемдегі мықтылар қатарында. Әлемдегі ең күшті ауырлықты көтерген адам Жидрунас Савицкас. Ол 2009 жылы 400 кг ауырлық штанганы көтерген.
7. Барыс
Өзінен 2 есе үлкен салмақты оңай көтере алады. Салмақпен есептегенде 540 кг. Ең үлкен барыс 300 кг салмақта, 3,3 м ұзындыөта келеді.
8. Піл
Піл шамамен 70 жыл өмір сүреді. 9 тонна жүкті көтергені өзінен 1,7 есе ауырлықты арқалай алады деген сөз.
9. Сиыр
Өзінен 1,5 жарым есе салмақты көтереді. Қарапайым есепке келтірсе 900 кг салмаққа жақындайды.
10. Гризли аюы.
Туғанда баласы 500 гр болса, өсе келе 550 кг салмаққа дейін жетіледі. Тігінен ұзындығы 2,5 м. Өзінен бір есе ауыр жүкті көтере алады.
Айтпақшы есекпен түйе жоқ екен.