Әлемді тербеген испаниялық 35 жасар Давид Бустаманте
блог
Бәрі де 2002 жылдың ақпанында басталды. Поп, романс бағытында ән шырқап жүрген Давид испаниялық «Идол» телешоуында өнер көрсетіп, көптің көңілінен шықты. Көп ұзамай жұмысқа кірісіп өзінің алғашқы «Bustamante» атты альбомын жарық шығарады. Соның арқасында альбомның сатылымы бойынша «платина» атағына ие болды. Давид альбом жарық көргеннен кейін тоқтап қалмай 70-тен астам концерттік бағдарламасын испанияның барлық жерінде ойдағыдай өткізді. 2003 жылдың қараша айында өзінің екінші «Asi soy yo» атты альбомының тұсауын кесті. Сол альбомнан кейін Давид өзінің құрамын толықтырып Латын Америкасына жол тартты.
Әлемге әйгілі «al filo de la irrealidad» альбомы Испанияда жоғары орынан біраз жылдар бойы түспей келді, ал 2008 жылы осы альбом АҚШ-та жарық көрді. 2010 жылы көп күттірмей «A contracorriente» төртінші альбомын шығарды.