Алдында жазған тақырыпта корей актрисасының пластикалық операцияға жүгінгені жайлы коммент жазылыпты. Жалпы шығыс актер-актрисаларының пластикалық хирургияға көп жүгінетінін естіп жатамыз. Ең көп жасалатыны – көздің үстіне, яғни қабағына сызық жасау. Одан көз біраз үлкен көрінеді. Өз көзіммен көргем, біздің Алматыдағы «Көз аурулары институтында» жасатқан бір кореянка қыз. Операциядан кейін көздері едәуір үлкен, әрі әдемі көрінді, операцияға дейінге қарағанда.
Шет елде пластикалық операция жасату жақсы дамыған. «Чудеса пластической хирургии» деген шоу-бағдарлама да бар, көрер аудиториясы да кең. Алайда біздің елде пластикалық хирургияға біраз басқаша көзқарас. Діни сенім бойынша Құдай қалай жаратса, солай өмір сүру керек деген пікірде. Екінші жағынан хирургтарға сенім аз. Небір сәтсіз операциялардың әңгімелерін оқып, оларға жүгінуге жүрексінеді. Сонымен қатар пластикалық хирургияға көп қазақстандықтардың қалтасы көтермейді де.
Меніңше, пластикада тұрған ештеме жоқ. Және де әртістерді біз идеал ретінде көруге ынтықпыз. Оларға қарап біз бой түзейміз, ой түзейміз дегендей… Олар да сұлулықтың символы ретінде көрінгені абзал ғой. Бірақ пластиканың ғажабы осы екен деп шектен шығуға да болмайтын сияқты.
Қарқынды дамып жатқан технологиялар мен ғылымның арқасында болашақта жалпы түр-тұлға, сымбатты түзеу үлкен проблемаға айналмайды деп ойлаймын. Алайда қанша ілгері қадам бассақ та, «Сұлуынан – жылуы» деген қағида мәңгілік болып қалса игі…