Әлем үздіктерінен үзінді

Қызықты деректер...

— Ең ұзақ есім: Хумананоджасваматашетаргандас;
— Әлемдегі ең үлкен сағат — Исламның ең қасиетті қаласы — Меккедегі сағат. Саудия елінің Бас сағаты әлемдегі ең үлкен сағат атанып отыр. Сағат тетігі орнатылған мұнараның биіктігі — 601 метр. Былтыр іске қосылған бұл сағаттың төрт циперблаты дүниенің төрт бұрышына қаратып орналастырылған.
— Әлемдегі ең қымбат кітап — ұлы суретші Леонардо до Винчидің «Лестерский кодекс» атты еңбегі.
— Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан.
— Адам күніне орта есеппен 13 рет күлетін көрінеді.
— Адам түшкірген сайын мидағы жасушалардың бөлігі азая түседі.
— Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар – қоян мен тотықұс.
— Ой еңбегімен көп шұғылданатын адамдардың шашында мырыш пен жездің құрамы көбірек болады екен.
— Батысафрикалық матами тайпасы футболды адамның бас сүйегімен ойнағанды жақсы көреді.
— Қазіргі кезде өзіміз қолданып жүр¬ген қаламсап 1945 жылдан бастап саудаға түсіпті. Сол кезде оның құны – 12 АҚШ долларына тең келіпті.
— Жақсы қаламсаппен 50 мың сөзге дейін жазуға болады екен.
— Ал ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.
— Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.
— Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.
— Акула – бір мезгілде екі көзін бірдей жұма алатын жалғыз балық. Ол сондай-ақ судың 100 миллион бөлігіндегі қанның иісін сезе біледі екен.
— Ит онға жуық, мысық жүзден астам дыбыс түрін шығара алады.
— Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.
— Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.
— Пошта қызметі тегін көрсетілетін әлемдегі жалғыз мемлекет – Андорра.
— Саусақтың ізі сияқты тілдің ізі де қайталанбайтын бірегей болады екен.
— Бір жылда 31 557 600 секунд бар екен.
— Бір ғана Мәскеуде 100 мыңнан астам Ивановтар әулеті бар
— БҰҰ келтірген деректерге сенсек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Яғни әр секунд сайын үш баладан дүниеге келеді.
— Әлем бойынша, күніне 4,5 миллиард тонна бензин жағылады.
— Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен.
— Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей білмейді.
— Сағатына 60 мильдік жылдамдықпен жүретін автокөлікке бізге ең жақын орналасқан планеталардың біріне жету үшін 48 миллион жыл қажет екен.
— Соңғы 500 жылда ғарыштық заттардың қалдықтары себебінен Жердің салмағы миллиард тоннаға ауырлаған.
— Ағылшын кітапханаларында көбіне Гиннестің рекордтар кітабы ұрланып тұрады.
— Шимпанзелер төбелестен кейін әр уақытта ымыра ретінде бір-бірлерінің еріндерінен сүйіп тұрады.
— Сахара шөлінде 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауған.
— 1983 жылы бала туылмаған жалғыз ел — Ватикан.
— Ніл екі рет мұз құрсанған — IX бен XI ғасырда
— Әлемде ең көп орындалатын ән — Haррy birthday to you — авторлық құқығы сақталған
— Кэмерyнның «Титаник» фильмінде ең көп айтылатын сөз — Роза
— Бір қыл шаш 3 келі салмақты көтеріп тұра алады.
— Піл — 4 тізесі бар жалғыз жануар.
— Акулаларда ракка қарсы иммунитет сақталған
— Су ішпеуге көп шыдайтын жануар — егеуқұйрық
— Шимпанзе — өзін айнадан тани алатын жалғыз жануар.
— Піл мен адамдар — баспен тұра алатын жалғыз сүтқоректілер.
— Қолтырауындар тереңге сүңгу үшін іштеріне тас жұтып алады.
— Поляр аюлары 40 км/сағ. жылдамдықпен жүгіре алады.
— Уолт Дисней бала кезінде бір жапалақтың әбден сілікпесін шығарып, содан бері жануарларды мyльтиктерде тірілтумен әуреленіп келеді екен.
— Адамның бүкіл ғұмырында мұрын ғана өсуін жалғастыра береді.
— Бір адамның денесінде өмір сүріп жатқан ағзалар Жер бетіндегі адамдардың санынан көп.



Бөлісу: