Әлем чемпионатының ақтық ойыны қайда өтеді?

Әлем чемпионатының ақтық ойыны қайда өтеді?
жеке
блог

Футболдан дүниежүзінің назарын аударған 2022 жылғы әлем чемпионатының басталғанына 3 күн болды. 20 қарашада Қатардың астанасы Доһа қаласында күллі әлем көз тіккен доп додасының ашылу рәсімі өтті. Биыл 18 желтоқсанға дейін жалғасатын 22-ші әлем чемпионатына 32 футбол құрамасы қатысады. Ең соңғы финалдық ойын 18 желтоқсанда кешкі сағат 21:00-де Лусаил қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Әлем чемпионатының басты аренасы

Жылдың елеулі оқиғасының арқасында Қатарда әлемнің әр бұрышынан жиналған туристер саны күрт өскен. Бүгінде футбол сүйер қауым үшін 8 стадион қызмет етеді. Соның ішінде әлем чемпионатының басты аренасына айналған алаңдардың бірі – Лусаил. Әлем үшін маңызды финалдық ойынның дәл осы алаңда өтуінің бірнеше себебі де бар.

Лусаил – ең ауқымды алаңдардың бірі. Оның құрылысына шамамен €700 млн қаражат жұмсалған. Спорттық алаңда финалдық ойынмен қоса, 10 матч өтпек. Бір сәтте Лусаил алаңынан ойынды 80 000 көрермен көре алады.