ӘЛЕМ ӘУЕНІ

Өткенімнің өткеліне гүл ектім,
Келер күннен сезілгесін дүр екпін.
Әуеніне Әлем құлақ түретін
Тыңдармысың әнін мендік Жүректің..

Әнін тыңда,
Сырын ұғын,
Мұңын ұқ,
Мұз жүрегің қалсын содан жылынып.
Жырмен жазған хатын оқып жырта сал,
Көкке ұшсын мың күдік пен бір үміт.

Өңін - жорып, безіп жүрген түсінен,
Сенде де бар мұндай Жүрек..түсінем.
Сырқатынан айықпаған жаныңа-
Өртке оранған Жүрегімнің түтіні ем.

Отты құшқан Жүрегімнің жаны ылғал,
Мен сендегі салқындыққа таңым бар.
Әлемге әйгі, әуені-Өзің
мәңгілік,
Жалғыз ғана әнім бар..
Әнімді тыңда!
2014 Ә.І.



Бөлісу: