Алдын алуға ұмтылыс
блог
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Аглепесович Сузакбаевтың төрағалығымен жеке құрам қызметкерлеріне Газтұмылдырықтар (противогаз) - тыныс алу органдарын сенімді қорғау құралы. Олар тыныс алу органдарын, адамдардың көзін,бетін ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған. Барлық газтұмылдырықтардың әрекеті сүзгіш және жекелегіш болып бөлінеді. сондай-ақ, Сүзгіш газтұмылдырықтар – тыныс алу органдарын қорғау әрекеті адам жұтқан ауаны әртүрлі зиянды қоспалардан алдын ала тазалауға /сүзуге/ негізделген. Жекелегіш газтұмылдырықтар /ИП -4, ИП-5, ИП-46, ИП 46М/ деп тыныс алу органдарын, бет терісі мен көзді ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған арнайы қорғау құралдарын айтамыз. Оларды сүзгіш газтұмылдырықтар қорғай алмаған жағдайда, сондай-ақ ауада оттегі жеткіліксіз болған кездерде қолданылады. Тыныс алуға қажеті ауа жекелегіш газтұмылдырықтардың регенераторлық патрондардағы оттегімен молаяды. Газтұмылдырық алдыңғы жағымен регенеративті патронның тыныс алу қапшығынан тұрады. Жеке қорғану құралдары-жеке құрамды улағыш заттар, радиоктивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарлыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту қолданатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғанғыш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Газтұмылдырық бойынша толық жеке құрамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп әрі қарай әдістемелік және уақытқа киіп шешу бойынша сынақтар қабылданды.