Алдамаған арман

Алдамаған арман
жеке
блог

Аружан мектепті бітіргенде өмір ағымында өзін жоғалтып алғандай сезінді. Айналасындағылар мен отбасы оған болашағын тұрақты қамтамасыз ететін, қоғамдасұранысқа ие мамандықты таңдауды ұсынды. Ал Аружанның жан қалауы басқада еді. Ол өзінің бала қиялымен армандаған, сол арманына қанат бітірген ісі - шығармашылықпен айналысқысы келді. Алтын ұя мектебімен қоштасып, қолына жалпы орта білім алғандығын растайтын құжатын алған сәтке дейін ойы сан саққа жүгірді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Бар ойлайтыны – болашақ мамандығы.  Ақыры бір шешімге  келіп, нақты соңғы таңдауын жасады.

Кішкентай кезінде көрген-білгенін, оқып-түйгенін қағаз бетіне шимайлап жаза бастайтын ол, ержете келе мақала жазумен айналысқан, мектепте жас тілішілерге арналған үйірмеге қатысқан еді. Ойын көркемдеп жазу, өзекті тақырыптарға ойтолғау оған ерекше сезім, бостандық сыйлайтын, қиялына қиял қосатын. Бірақ ата-анасымен мұғалімдері шығармашылықпен айналысу оның болашақ нәсіп табатын кәсібіне айналатынына күмән келтірді. Көпшіліктің наразылығына қарамастан Аружан өзінің табиғи қабілетін ұштауға, жан қалауын қанағаттандыруға, өзін жақындары мен достарына мойындатуға  бел буып, ХАТУ-дағы «Журналистика және репортер ісі»факультетіне түсті. Себебі ХАТУ журналистикасы өзге университеттерге қарағанда көп саланың аялық білімін қамтитын бірден-бір факультет еді. Дәл осы жоғарғы оқу орны бизнес, телерадио, халықаралық, цифрлық журналистика түрлерін тереңдетіп оқытатын Қазақстандағы үздік университеттердің бірі екеніне кәміл сенді. Иә, жанына медеу болған сенімі оны алдамады.

Оқу барысында ол өзінің шығармашылық шеберлігін  шыңдап қана қоймай, қоғамға басқа көзқараспен қарауды, оны мәдениет пен тарих, эстетикалық құндылықтар тұрғысынан ұғынуды үйренді, сұлу да көркем сөздің құдіретіне әбден көзі жетті. Әрбір шығармашылық жұмысын асқан ыждаһаттылықпен сүйсіне атқарды.  Оның кәсіп таңдаудағы сенімінің алдамағаны көңілі марқайды,  мамандығына деген сүйіспеншілігі жыл сайын нығая түсті.

Университетті бітіргеннен кейін Аружан жергілікті телекомпанияға жұмысқа орналасты. Оған танымал бағдарламалардың жетекшісі болуға және өз авторлық жобаларын жарыққа шығаруға мүмкіндік туды. Бұл істе ол тек бақытты ғана емес, сонымен қатар табысты да болып шықты. Өз таңдауына риза болып, өмір жолындағы осындай маңызды шешімді тек жүрекпен қабылдаудың маңызы зор екенін ұқты.