"Алайда - дүлей өмір" І - бөлім.
блог
Алайда - дүлей ӨМІР
І
Денесінің тітіркенуіне қарамастан Мансия қолына бар күшімен арқанды ұстап, күздің бірінші аязында суға түсіп кеткен тоқтысын алып шығара алмай әлек. Бұл әйелдің басында бүгін талай қиыншылық сап ете түсті. Таң жарықта сіңілсінің екі жасар ұлы шетнеп кетіпті, осы хабарды көршісінің үйінен телефон арқылы біліп келе жатқан Мансияның жүрісінен -ақ оның қобалжулы күйде екені көрінеді. Ауласына кіріп келе жатқан бойда Мансия "ойбайлап" отыра қалды, қарғыс шалғандай үйдің сыртқы бөлмесінің төбесі опырылып түсіпті. Дереу орнынан тұрып, киеуінің жұмысына қарай тұра ұмтылды. Аяғында галош етік, белін шарқатпен буған, қызыл халат киген Мансия жол бойы өксіп жылап, бір қолымен жасын сүртіп "әттеген - ай, не істедік енді?" - деп сүрініп - жығылап Дарының жұмыс орнына келе жатыр. Дарын Мансиямен отасқанына биыл он бір жыл болады. Екеуіне Тәңірі бала бұйырмаған. Дарын мінезі ауыр кісі, ішімдікке жақын ол Мансияны күнде ұрып, денесін көгала торғайдай қылатын. Өксігін баса алмай келе жатқан Мансия құс фабрикасының алдына келіп тұра қалды. Ішінен" мен сорлы оған қалай айтамын? Өлтіретін болды ғой мені."-деп, ақыры Дарынды шақыртып алды. Дарын болса загонның ар жағынан мансияның бұл түрін көріп, ішінен бір бәленің болғаның сезіп келеді. Мансияға жақындап:
- Не болды? - деп сабырлы күйде сұраса да, ішінен "О,Құдайм, тыныштық болса екен"-деп қобалжып тұр, онысын сыртқа білдірмек емес. Мансия бар жағдайды түсіндіріп болып отыра қалды. Дарын Мансияны жұлқылай көтеріп үйлеріне қарай апыл - ғұпыл жөнелді. Арада екі - үш сағат өтер - өтпес Дарын экаватор жалдап дереу тазартып болып, шайға отыра бастағанда, көрші үйдің баласы үйге кіріп келе: "Мансия апа, арықта сіздің тоқтыныз батып жатыр" - дегені қазір еді, Мансия дереу шарқатын ұстап "қап, бәлем!"-деп сыртқа ұша жөнелді.
Сағат бойы суық суда тоқтысын ақранмен ала алмай, Мансия суға секіріп тоқтыны шығарып алды. Аяз соққан мына күнде малмаңдай су болған Мансияны ауыл адамдары дереу алыстан көріп жүгіріп келіп біреу тоңын жауып жатыр. Қатын - қалаш "Міне нағыз қатын. Еркегі болса үйде артын жылытп отыр, мына байғұс шыр-пыр боп сенделіп жүр. Ұялса нетті Дарын. Әй бұның біреуі қайтыс болыпты дейді" - деп артындағылар шулап қызу өсекке алып жатыр. Мұны Мансия анық естіп келеді.
Кеш құрым Мансияның қызуы көтеріліп су терге малынып жүр. Киеуі кешке жұмыстан шаршап келеді деп тамақ дайындап әлек. Дарын үйге кіре сала Мансия тоңын шешіп аяғына жүн шұлығын беріп, бір мезгіл Дарынға көз салып қояды. Он бір жыл бұрынғы сері жігітінің бетін әжім басып сақал - мұрты шыға бастапты. Бұл өмір оны әбден қорлағандай көрінеді. Үстелге отыра сала әңгімені Мансия бастады:
- Әбеке, не ғой, ана менің Сарысайдағы Сұлу деген сіңілімнің кіші ұлын білуші ме едің? - деп сыбырлағандай, қорқынышты үнмен айтып отыр.
- Туыс көп қой сенде. Қайсы бірін санап жүр дейсің? - деп әңгімені шорт кесті Дарын. Ас үстіндегі бұл әңгіме осымен аяқталды. Бұл үй, қарап тұрсан құдды мазар іспеттес. Тыныш, сәл қараңғылық түскен үй, көңіл - күйінді той жасасаң да жақсармайтындай көрінеді.
Дарыннан рұқсат алып Мансия сіңілсінің қайғысына ортақ болайын деп Сарысайға келгеніне міне үшінші күн. Жолға шығатын кезде келді. Мансия ауылы Құсаяққа жетпей тұрып қала соғып анау -мынау алу үшін тоқтады. Орталық базарға кіріп сабын, тұз, қант алып автобус алаңына қарай беттей бергенінде біреу кеп Мансияның қолындағы сөмкені жұлқылай жұлып ала бергенде сөмкесіне жармасқан Мансия тас афальте домалана құлап, қолындағы пакеттер айырыла жыртылып қант пен тұз судай шашылды.
- Жібер, жібер деймін мен саған - деп ұры спорттық аяқ киімінен Мансияның бетінен тепкілеп жатыр. Мансия болса қан сорғалаған мұрнының астынан ащы даусымен айқалап:
- Әй көмектесеңдерші, неғып тұрсындар халайық, Өтінемін, полиция! - дей бергенде ұры жігіттің басынан тімір трубамен біреу "тыңқ" еткізе ұрып қалды. Ұры тесіліп қалған шардай жерге жайғаса қалды. Алдына көк фартугі бар, екі беті алмадай толықша келген бір әйел жымиды да:
- Все! Амансың әпкем! - деп Мансияны көтеріп үстін қағып тұрғызып жатыр. Жан - жағындағы халық болса еш мән бермей өтіп жатыр. Мансия өксіп жылап әлгі толықша әйелді құшақтай жылап қала берді.
- Әй болды, болды.! Кіммен болмайды дейсің ондай. - деп толықша келген әйел орындыққа отырғызып, қалтасынан орамалын алып шығып Мансияға берді.
- Қазір полициямыз обедтерін ішіп болсын, келеді сосын.
- Рахмет, рахмет саған. Есімін кім болады?- деп Мансия қызыл - ала бетін көтеріп.
- Атым, Алтынай! Алтуша десең болады - деп тарқ күле бастады.
- Сен бұндай жерде аман жүрсейші! Бұл ауыл емес қарағым. Екінің - бірі сенің мына нық толы сөмкене көз тігіп жүреді. Қайда тұрасың өзін?
- Құсаяқта.
- Тупу, келген жерін қарасайшы, әй немене сонда дүкен құрып қаппа?
- Қала арзандау ғой. Алтынай тағыда домалана тарқылдап күліп, Мансияның йығынан басып,
- Арзан, арзан, ал өмір қымбат сіңілім! Ал енді жүре бер. Сенің түрінді көріп меннен клиенттер қашуда. Бар, бар! Мансия орнынан тұрып, алғыс айтып жүре бергенде. Алтынан артынан кеп ұстай қалды:
- Хоп-п. Әне тағы аузынды ашып жүрсің! Мә саған менің нөмірім, жақсы әйел сияқтысын Марал.
- Мансия атым. -деп нөмір жазылған қағазды алып.
- А, иә, иә кешір. Ал, қалма жолынан! Жолын болсын Мар.. тіпу Мансия дегенім ғой. - деп базарда жаның аман алып қалған сатушы "Булочки аламаыз, ысытық бөлкелер" деп зарлап қала берді.
Ауылдың қақ ортасына тоқтаған машинадан бет - ауызы ісіп Мансия екі пакетімен түсіп келе жатыр. Қасынан бір -екі әйел өте шықты. "Әй, мынау тағы таяқ жепті ғой, ой сорлы бейшара"-деп күңкілдеп өте бергенде Мансия қапыл бұрылып:
- Әй, екеуін бір байдан таяқ жемейтіндей не шіріп бара жатырсындар а?-деп жоғарлатты даусын. Әлгі екі әйел артына бұрылып бір қарап кете берді. Үйінің ауласына кіріп пакеттерді есіктің алдына қойып, сыртта жайылған киімді жинап тұрып "Мынаны Абай жуған ба ей?" деп қояды. Қолына киім толы Мансия есікті ашып үйіне кіре бергенде үйден әйелдің күлген дауысы естіледі. Кім екенің білмей тұрған Мансияда үн жоқ. Жатын бөлмеге бара жатып, "қарындастары болар"- деп қояды. Бөлменің есігін аша салғанда Дарын бір әйелмен тыр жалаңаш құшақтасып аймаласып жатыр. Қолындағы жуылған киімдерді төсекке лақтыра сала "Оңбаған" деп айқайлап сала берді. Дарын мен әлгі әйел сасқанынан орындарынан тұра қалды. Дарын болса:
- М-Мансия бұл бір түсінбестік- дей беріп еді Мансия бұрылып жүгіріп шыққысы келіп еді. Есік алдына қойған екі пакетке жығылып түсті. Ек бетімен мұзға құлап, алдынғы тісі ұшып, мұрын құрығыр сынды да кетті. Сонда да болса көрген сұмдығынан алыс жерге қашу, оның миында жалғыз қалу тек...