Алатаудан Есілге ұласқан дәстүр #2(микро кездесу)
блог
16 қазан күні Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Ақпараттық кеңістікте қазақ тілді тұтынушылардың белсенділігін арттыру жолары» атты республикалық семинар болып өтті деп хабарлайды Есіл еркесі «Массагет.кз» сайтындағы Ұшқын әпкеміздің арнайы репортажына сілтеме жасап. Сайытымыздың редакторы елордада екенінен хабардар болғаннан соң,фейсбуктегі «Массагетшілер» группасында айтылғандай Астаналықтар болып Ұшқын әпкемізбен кездескенді жөн көрдік.Содан бәріміз сағат тілі кешкі жетіні көрсеткенде «Керуенге» жиналатын болып келістік,(нақтырақ, келісіпті.Мен жазып алып кездесеміз дегенін көрмеппін).Сайтымыздың редакторы елордада екенінен хабардар болғанан соң,фейсбуктегі «Массагетшілер» группасында айтылғандай Астаналықтар болып Ұшқын әпкемізбен кездескенді жөн көрдік.Содан бәрі сағат тілі кешкі жетіні көрсеткенде «Керуенге» жиналатын болып келістік(нақтырақ,келісіпті).Әбекеміз айтпақшы, «неміс қазақ» болып Абайус Отариус 6:30-да келіпті.Екінші болып,күткен қонағымыз,Алматыдан Астанаға айттап келген Мейіргүл әпкеміз «қазақ» болып айтылған уақытта «Керуенге» келіпті.Бұл сағат жеті кезіндегі «Керуендегі» оқиғалар. Менің бұдан хабарым жоқ.Сабақтан үйге келсем,айттап қонақтар келіпті.Мен соларға ет салып,абыр-сабыр болып жүргенде телефоным шырылдайды.Абзал аға екен,алдым: «Айгерім,қалайсың?Қайдасың?Керуенге келе жатсың ба?Сағат жетіде дедік қой»,мен болсам аң таңмын: «мәә,ағай,мен ваще фейсті қарамаппын.Қазір сұранып шығамын». Содан не керек,үйден сұранып,сегізде жеттім. Келіп алып таппаймын ғой «Массагетшілерді».Абай ағаға звондап жүріп әрең дегенде Мейіргүл әпке екеуі отырған столға жақындадым.Барып танысқан соң үшеуміздің әңгімеміз жараса кетті.Араға біраз уақыт салып, «нағыз қазақ» болып Абзаааааал Сариеееев мырза келді (та та таааам,таа таа таааам деп әуендетіп отырыңыздар),құр қол емес қой еще,қолында бір бума САРЫ гүлдер бар конвертімен.Өткен туған күніңмен деп құттықтап,гүлді Ұшқын әпкеге табыс етті.Сөйтсек оны «Массагеттің» астанадағы бір қолданушысы 23 жасқа толуымен деп тұп тура 23 гүлді беріп жіберіпті. «Кімнен екенін ешкімге айтпа,ішін ашып оқығанда білесің» деді,тағатсызданып ішін ашып қалған әпкеміз «маамааа» деп конвертті қайта жаба салды ғой.
(белгісіз серіден келген гүлдер)
Ощм,қызық болды.Жиналғанымыз осы төртеуміз ғана.Үшеуі де менен үлкен ғой,үш жағымнан миыма күші күшті ақылдарын құйып-құйып тастады ғой.Біз қозғамаған тақырып қалмаған шығар.Айтпақшы,Ареке,сіздің құлағыңыз шыңылдаған жоқ па?!
Сосын әркім өз стилінде фотоға түстік:
"мен негізі былай түсем ше" (с) Абайус Отариус
Әбекеңнің ситлі
"Төрт қолды адам"
Әңгіме айтып,сыртқа шығып та фотоға түстік.Іште отырғанда көп нәрсені талқыладық.Маған айтқан ақылдары мен "по секрету" айтқан сөздері бәрі әсерлі болды.Осы сәтті пайдаланып бір ұсыныс па шағым ба ощм,айтатын бір нәрсем бар.Не ғой,Массагеттің админдері,Астанаға келген кезде жым-жырт кетіп қалмай алдын ала "келе жатырмыз" деп бір хабарын беріп қойсаңыздаршы.Мейлі іс сапермен,мейлі қыдырып келсеңіздер де.Ана жолы екі адамның жазбасын оқыдым(аттарын атап,саусақпен "мынау" деп шұқымай-ақ қояйын),мәә,өзім бір түрлі боп қалдым ғой.Келдім десеңіздер,біз де жинала саламыз ғой.За то,сосын естелік болады.Окей ма?!
Менің бұл кездесуден алған әсерім өте күшті болды,тіпті,сөзбен айтып жеткізе алмаймын.Мейіргүл әпке, сіздің шынайылығыңыз бен "Массагетке" деген адалдығыңызға тәнті болдым.Сізбен танысқаныма өте өте қуаныштымын!Әлі талай рет кездесіп,әпкелі сіңлі болып әңгімелесеміз деп ойлаймын. Ал,екі жігіт келер болсам,сөз жоқ ,уже менің екі ағамдай болып кетті.
Осымен жазбамды аяқталды екен деп ойлап қалмаңыздар.))) Түүуу,ойымды жеткізе алмай отырғанымды-ай...Негізі күшщті отырыс болды.Кейін Керуеннен шығып,Бәйтеректің алдында фотоға түстік(жаурап,тоңып,қалтырап,дірілдеп,әйтеуір быт шыт болды ғой ауа райы).
Сыртқа шыққан соң жігіттер менің жасым мен жазбамды салыстырып, жасымды "апарып" тастады ғой.Мяяя,сондай басқаша жазады екенмін деп ойламаппынҮлкендермен отырып өзімді үлкеен адамдай сезініп қалдым ғой,төртеуміздің арамызда ең кішкентай мен екенмін. "Кішкентайсың,түнде жалғыз жүрмексің бе,еще Астанада"деп жігіттердің біреуі мені шығарып салатын болды.Сөйтіп,Мейіргүл әпке мен Абзал аға бірге кетті,Абай аға болса мені үйге дейін апарып,үйдің есігінен кіргізіп жіберді.Ағай,рақмет!
Астаналықтар,ренжімеңіздерші.Бәрі аяқ-астынан болған соң ешкіммен хабарласа алмадым.Еще өзім кеш білдім жиналатынымызды.Айтпағаным үшін айып етпейсіздр ғой,иә?!