Алатаудан Есілге жеткен дәстүр
блог
Армысың, Алты Алаштың асығын алшысынан түсіріп, шапқан сәйгүліктің тұяғын, ұшқан құстың қанатын талыратын кең даланың дархан жанды, ауызын ашса жүректері көрініп тұратын, ақ көңіл де кішіпейіл халықты бір ортаға біріктіріп, Алатаудың баурайына орда тіккен - МАССАГЕТ! Естеріңізде болса, сіздер (Алматылықтар) «Қайрат-Қайрат» деп жүрген күні «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» деген ұранмен жүрегіміз алып-ұшып, еліміздің жүрегі саналған елордада МАССАГЕТшілер болып кездесу ұйымдастырған едік. Аллаға шүкір, бас қосуымыз ойдағыдай өтіп, тұңғыш кездесуімізден алған әсерімді бөлісіп, сіздерге фоторепортаж ұсынғалы отырмын. Араға тұп-тура бір апта салып, жазбаны тым кеш жазып отырғаным үшін кешірім сұрай келе түсіністікпен қарауларыңыздыөтінемін. Негізі қол босамай, суреттеріміз жан-жақта шашырап жүрген соң да біраз уақыт өткізіп алдық. Дегенмен, өмірдің қызық жерін өшпестей етіп сызып қойған соң, барылығын қаз-қалпында айтып/жазып берейін. Ал, кеттік...
30-тамыз. Астана. «АБЫЛАЙ» дәмханасы.
Бұл күні бәріміз ерекше сезіммен, ерекше дайындықпен келдік. Себебі виртуалды әлемде сіз-біздігіміз жарасқанымен, реал өмірде мүлдем көріспеген жандармыз. Ойлап көріңізші, өміріңізде бір рет болсын көрмеген адамдармен кездесуге бара жатырсыз, біреу емес бірнешеуімен. (арамызда бір бірін танитындар да бар бірақ). Сағатты жетіге дегенімен «нағыз қазақ» болдық бәріміз. Ең бірінші төрдегі орынға жайғасқан Түркістаннан келген, Арқалыққа ат басын бұрғалы жатқан арнайы қонағымыз Сарғалдақ КЕҢЕСБАЙ болды. Кейіннен кешті «жандырып» жіберемін деген оймен арамыздағы ең кішкентай «мамамыз» болып Aizhan Tabyn қатарымызға қосылды. «Бұл біз - қазақтың қыздары» дееееп отырғанымызда, арамызға алаштың серілері Нұрдәулет Болаттегі мен жүрегі «Жайдарман» деп соғатын Исатай бауырымыз сәлемін беріп, кіріп келді. Жанары мөлдіреген кіп-кішкентай ғана сүйкімді аруымыз Жанара кіріп келгенде айналамыз тіпті нұрланды. Бейтаныс адамдармен тез танысып, әңгімеміз жараса кетті ғой, құдды бұрындары таныс болған адамдар секілді. Сосын тақ-туқ етіп сызылып, ай десе аузы, күн десе көзі бар Аида ханым ортамызға келіп, төрімізге жайғасты. Ооо, бұл кісілердің келуінің өзі бір бөлек пост болғалы тұр ғой... Кейіннен «Артемға, Артемға» деп сол жерге жақындатқан Ali_zhailau ағамыз келді. Пред, пред соңғы болып, «сендер мені емес,мынаны күтіп отырсыңдар ғой» деп дорбасын құшақтап Абайус Отрариус келді. Эх, кәдімгідей көз алдымнан өтіп жатыр. Айтпақшы,біздің арамызда Массагеттің алтын қызы, қазақтың алтын жұлдызы, Ақтөбенің алтын белгісін төсіне байлаған Света да болды. Өзі сондай жақсы қыз екен. Бәрімен танысқаныма қуаныштымын! Сөз жоқ айтуға! Көп сөйлеп кеттім ғой деймін, енді суреттер сөйлесін...
Массагетке Астаналық 8 сынып оқушысы Дариғадан естелік-тілек. Жас қолданушыларыңыз Идеяева Дариға)))
"Очкиім сынып қалды, зрением нашар" деп Әбекеміз таңдап-таңдап Алматылықтар берген сыйлықтарды бізге беруде. Қасындағы хатшы қыз сіздер жазған Астаналықтарға деген ақ тілектерін оқып беруде)))
Бұл - қазақтың қара домалақ баласы, Массагетші - Нұрдәулет Болаттегі
Алтын қызымыз Света мен Жайдарманшы Исатай. Жайдарманшы жігіт жаман емееееес. Отырыстарын қараш)) Айтпақшы, соңғы уақытта Исатай да Массагетке өз блогтарын жариялап жүр, бәлкім сол кештен алған әсері болар)))
Осы Жанка болмаса, қазір пост болмайтын еді))) Біздің еркетай қызымыз Жанар Карим мен Массагеттің шолушысы Бекжан мырза (Әли Жайлау)
Келесі алдарыңызда қазақ десе нағыз қазақ, сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі де өнегелі, сұлу да сымбатты менің "зёмам" Абзал Сариев.
Қасындағы өзінің жеке сайты бар сыныптасы - Президент-2030
Әбден танысып болдық. Сосын шәй да іштік...
Не айтқанымды білмеймін ғой, әйтеуір бяяяры маған қарап күліп отырып түсіп қалыпты)))
Ас болсын, Нұреке))))
"Дастархан-ау, дастархан, берекелі дастархан-ееееей" дееееп отырмыз)
"Кешкі шәйімді осы жақтан ішем деп келгем" деп Абайус ағамыз шәйді сіміріп отыр. Ал,Әбекеміз: "Абайдың жегені, менің жегенім деееееп қарғаааап отырған сияқты)
Абзал Сариев: "Сара-халық. Екі шетіндегі екеуі - әппәзициәнерлер" Нелер айтылмады десеңізші!Мемлекеттік маңызы бар істі талқылап тастадық қооой)))))
Айтпақшы, жиналғанда Абай ағамыз бізге біраз еркеледі ғой. Мынаны қараңызшы...
Кууу-кууук, Абай бар ма, Абай! Абайды көргендер бар ма?!
Мынаны қараңыздарш, ешкім көрмей тұрғанда дастарханнан сумкасына анау мынау салыыып отыр ғой))) Қасындағысы неге байқамаған екен,а?!
Абайус Отариус: "Мынау не? Тамақты осымен жеймін ба? Бұл не өзі?"
Қызық болды негізі. Әңгіме де айттық, арасыда өсек те кетті. Абай мен Мұхтарды орындарынан бір аунатып алдық. Ежелгі дәуір әдебиеті мен қазіргіні зерттеп тастадық. Әлемнің түкпір түкпірне саяхат жасадық. "Қыздарды да ұнаттыыыық!" Ощыым, кездесуден алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын) Міне бәрімііііз дәстүрдегідей ақ футболканы ұстааап түстік суретке)
Осымен біткен жоқ.
сосын тағы...
Боооолды, осымен фотосессиямыз аяқталды. Бірақ жазба әлі аяқталған жоқ. Бәріміз жиналып отырғанда Массагет берген блокнотка жүректен тілектер жазып отырдық. Соның ішінде маған айтылған ең көп сөз "Есілге еркеле, Еркем!Есіл ешқашан еңсеңді түсірмесін!" деген екен. Сіздер айтсаңыздар болды, дегендеріңіз болсын! Уақыттың қалай тез өткенін білмей қалдық. Бір бірімізге бауыр басып, аға-әпке деп кәдімгідей жақын араласып кеттік. Бізді кездестірген, бізді таныстырған рахмет саған, МАССАГЕТ!
Тойдан сарқыт деді ғой... Кетерімізде "сен ал, мен алдың" әлегіне түсірген затымыз МАССАГЕТ-тің тұрғындарына бұйырыпты ғой. Астаналықтардан Массагеттің тұрғындарына арналған асы... АС дәмді болсын, достар!!!