Алатау өзенінде өсетін бекірелер
жеке
блог
блог
Алатау бөктерінен бастау алатын Өсек өзенінде балық шаруашылығы жұмыс істейді. Мұнда бекіре балығының ресей, сибирь және бақтақ (фарель) балығының түрлер өседі.
15 адамды жұмыспен қамтып отырған "KAZ-AQUA" ЖШС-інде екі балық өсіру базасы бар. Бақтақ балығының аналық табыны экологиялық таза, тау өзенінің бассейінде уылдырық шашады. Кейін 250-500 грамм салмақтағы шабақтар екінші балық өсіру базасына ауыстырылып, ары қарай сатуға шығарылады. 3 гектар аумақты алатын тоғаннан арнайы облыс көлемінде тапсырыс қабылданады.
Балықтардың еркін өсуіне қолайлы жағдай жасалған. Таудан келетін суға артизан суы қосылады. Бір метрге дейін жететін бекіре балығына тұтынушылар тарапынан қызығушылық жоғары. Балықтарға арнайы жем қоректі шаруашылық Польшадан алдырады. Мемлекеттік тараптан әзірге ешқандай субсидия алмаған.