Алатау баурайы әнге бөленді

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Алматы қаласындағы Абай атындағы МАОБТ сахнасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының лауреаттары өнер көрсетті. Үлкен концертте көрермендерге тосын сый жасалды. Бұрындары тек жеке ән салатын әртістер ерекше дуэттерге, трио, квартеттерге бірігіп, лауреаттар симфониялық оркестрмен жұмыс істеу шеберліктерін көрсете білді.

Астананың 20-жылдығына арналған өнер кешінде «Абай» операсындағы атақты Абайдың Ариясы, француздық композитор Жюль Массненің «Таис» лирикалық операсы, әлемдік музыка жауһары – Жорж Бизенің «Кармен» және Моцарттың «Сиқырлы сыбызғы» операсындағы «Түн патшайымының ариясынан» попурри орындалды.

Алатау баурайы осылай әсем әнге бөленді. Нұржан Байбосынов, Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев, Салтанат Ахметова, Еркебұлан Сапарбаев т.с.с. қор лауреаттарының өнерлерін жоғары бағалап, зор қошемет көрсеткен халық санында шек болмады. 

Фотосуреттер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының

баспасөз бөлімі тарапынан ұсынылды



Бөлісу: