Алашшыл жастар!

Қараша айының 30-жұлдызында Қазақ Мемлекеттік қыздар Педогогикалық Университетінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына және «Алашшыл жас» журналының 5 жылдық мерейтойына орай Алматы қалалалық Университеттер арасында конференция ұйымдастырылды.

Аталған конференцияға Алматы қаласының белді Университеттерінің жалындаған жастары қатысты.Атап айтсақ: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Нұр-Мүбарак университеті, Алматы Технологиялық Университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Алматы қалалық Энергетика және байланыс Университеті, Қазақ Мемлекеттік қыздар Педогогикалық университетінің студенттері белсене ат салысты.

Конференцияны ашқан Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ержанова Сәуле Баймұрзақызы Елім деген жастарға емеурін танытып, құттықтау сөзін білдірді.Құрманғазы концерваториясының 2-курс студенті Махмұд Қошқарұлы конференцияны әнмен әрлеп, күймен көмкерсе, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінен келген айтыскер ақын қызымыз Саягүл Бірлесбек домбыраның үнімен, жанынан шыққан жалынды жырларын дүйім жұртқа тарту етті.Қазақ Мемлекеттік қыздар Педогогикалық Университетінің ақын қыздары «Алашшыл жас» журналының 5 жылдық мерейтойына арнауларын оқыды. Конференция барысында тіл мәселесі де тиек етіліп, қазақ тілін алдыңғы орынға қойып, ағылшынды жаһандану үшін ғана қалдырып, ал орыс тілінің қазақ үшін мүлдем қажетсізідігін жастар жарыса айтты.Бұдан бөлек «Тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін,жастардың басты міндеті не?» деген сынды сауалдар ортаға тасталды.Әр түрлі пікірлер де жоқ емес.

 «Алашшыл жас» журналының 2011 жылдан бері келе жатқан редакторлары да, «журнал жаңадан шыға бастағанда талай таңды ұйқысыз атырып, журналдың шығуы үшін қаражаттың жетіспеушілігінен ауылдан келген ақшаны да қалтамыздан жырып беретінбіз»,- деп қызықтарымен жарыса бөлісті. «Алашшыл жас» журналының арқасында үлкен жетістіктерге жеткендігін де жасырып қалмады.

Көңіл қауызын енді жарып, алдағы күндерден үлкен үміт күткен жастарға Филология ғылымдарының кандидаты, профессоры, «Алашшыл жас» журналының бас редакторы Әбдіқалық Күнімжан Садырқызы оларға бағыт-бағдар берді.Қорыта айтқанда Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін халқымыздың барша еңселі азаматтары, Алашшыл жастары еліміздің еселеп дамуына еңбекпен қызмет етуі қажет.

Ұлт мүддесін көтермес, кім тілемес?

Ойласаң бүгінің де бір күнгі елес.

«Алашшыл жас» журналы тұрған кезде,

Алашшыл жас болмауы мүмкін емес!

 

Қазақ Мемлекеттік қыздар Педогогикалық

Университетінің 2-курс студенті

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА



Бөлісу: