Алаш азаматына қол ұшын созсақ...

Алаш азаматына қол ұшын созсақ...
жеке
блог

   Қалдыбай Әбенов. Бұл кісіні танымайтын қазақ жоқ шығар. Бәрімізге белгілі 1986 жығы Желтоқсан көтерілісі  туралы «Аллажар» фильмінің қоюшы режиссері, сценарисі, алғашқылардың бірі болып 1989 жылы «Желтоқсан» ұйымының негізін қалады, Мұхтар Шаханов ағамыздан басқа, желтоқсаншылардың ақталуына бірден-бір көмегін тигізген бірден - бір тұлға. Қазіргі таңда Қалдыбай ағаның жағдайы күрт нашарлауда. Гормональдық дәрі - дәрмектің күшімен ғана жүр,денесінің бір жақ бөлігі сал болып қалғандықтан, өздігінен кіріп -  шығуы қиындау.

Сұхбаттасу барысында Қалдыбай ағамыздың біз білмейтін сырлары көп екеніне қанық болдым. Өмірге деген құлшынысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Дертінің дендеуіне жол бермей, әлі де фильмдер түсіретіндігін айтып отыр. Қайсар азаматтың мақсатына жол ашайық, бірлесе көмек қолын созайық.

Бәріміз де қазақпыз ғой. " Бірлесе көтерген жүк жеңіл , "- демек , бәріміз жәрдем етсек, алаш азаматы қайта өмірге келмек. Қазақ ұлтының намысын осындайда көрсетіп, желтоқсаншылардың абыройын асқақтата білген Қалдыбай ағамызға ел болып қол ұшын созсақ. Сын сағаттарда қазақ азаматтарына көмек қолын созды, ендігі азаматтық борыш бізден.

Қазіргі таңда Қалдыбай Әбеновтің атына есеп шот ашылды. Мүмкін болса, алаш азаматына шамаларыңыз келгенше, қол ұшын созсаңыздар.

Есеп шот нөмірі: KZ136010893100107583

Банк реквизиті: РНН: 600200048129

БИК: HSBKKZKX