Алақай, маған да 1 жыл)
жеке
блог
блог
Міне менің массагетке тіркелгеніме бір жыл толыпты) Кеше ғана тіркеліп, алғашқы блогымды жүрексіне жазғандай болып едім, уақыт тез өтті. Бұрын блогты тек агенттен көретін адам, ауқымды блог ұғымын осы Массагеттен түсінді) Мен жарытып блог жазбасам да Массагеттен көп нәрсені үйрендім. Алғысым шексіз. Массагет мен үшін ыстық!!! Осындағы адамдар да) Басқа блогтұғырларға кірсем түсінбей қаламын, болмаса сол жақтағы адамдардың тап ететіні ұнамайды, ал мұнда бәрі басқаша. Адамдар соондай бауырмал көрінеді. Өзімді еркін сезінемін)
Қателіктер көп, көш жүре түзіледі демекші, оларды да жөндейтініме сенімдімін. Бұл жобаны бастағандарға, сайт әкімшілігіне, барлық қолданушыларға алғсым шексіз!! Жасай беріңдер)