Алақай!

Алақай!
жеке
блог

Алақай! Өзім де драматургтерге арналған конкурсты күтіп жүр едім. Жақсы болды ғой!

Өткенде әкемтеатрдың қонақ кітапшасына бірдеңе жазғам ғой, әдіміністұратұр жауап жазыпты: "Тәуелсіздік толғауы" конкурсы болады жыл сайын. Театрға тегін билет алғыңыз келсе, "Нұрға" кіріп, афишасын көріңіз деп. Нұрға кірсем, ондай мәліметті таппадым. Жәй ғана афишалар тұр, ілінбей. Көшелерде ілінеді ғой.

Гүл-Гүл атама іздеткем әлгі конкурс жайын. Тауып берді. Енді осы жылдың 15 қазанына дейін жіберу керек екен жіберетіндерін. 16 қазан - менің туылған күнім кәкірәз.

Әкемтеатрдағы "Жаужүрек" те осы конкурста бәйгені жеңіп алған ғой, Дүкең көкем жазып. Менікі енді мақсатым - жеңу емес. Бұл конкурсқа кемеліне келген жазушылар да қатысады ғой. Төлен Әбдіктер қатысып жүргенде, менікі жәй "сырттан сығалау" ғой. Дегенмен, бірнәрсесі болатын шығар деген үміт қой. Жақсылап, барымды салып жазсам, сіздер тілекші болсаңыздар, қалғанын Жаратқан көрсете жатар.

Бұл конкурсқа опера, балет жазатындар, ән жазатындар, мүсін, суретшілер дей ме, әйтеуір, сондай да нәмінәсілар бар екен. Негізі, өнері бар адамның жасқанып жүргені - күнә. Өнерін көрсетіп қалу керек, мүмкіндік бар кезде. Әйтпесе мына заманда...

Сөйтіп, бісміллә деп бастап, конкурсқа қатыспақпын. Байқау емес, байқау деген наблюдение ғой. Бұл - конкурс!

Сонымен солай дедім...