Уақыт көшінен күні кешедей ғана көрініп, зымырап өте шыққан өндірістік тәжірибе мен үшін біраз жаңалықтар, қызықты оқиға-құбылыстар ашты. Жоғары оқу орнында теориялық негізде білім алудың жөні бір басқа да, журналистиканы тәжірибелік тұрғыдан меңгеру бір басқа екен. Мұндағы жаңалықтар бөлімі қызметкерлерінің басты мақсаты - халық пен билік арасындағы алтын көпірді берік ұстау. «Алматы» телеарнасындағы жалпы ахуал, ауызбірлік, кәсіби шеберлік, өзара қарым-қатынас, кісілік, сыйластық, ең бастысы қазақты әспеттеу, таныту, елдегі күнделікті тыныс-тіршілікті халыққа жеткізу жоғары деңгейде. Мұнда жүріп әр сөздің бағасын біліп, әр кадрдың қадірін ұғынуды үйрендім. Сондай-ақ жазған дүниеңе сақ, баспа мәдениетіне жетік, өз ісіңе жауапты, жазуың сауатты болуы тиіс. Аға-буыннан біраз нәрсені үйрендім. Әйтсе де білерімнен білмейтінім көп. Білгенім мұнымен шектелмейді, үйренерім әлі алда!