Ал сіз бұл аурудан саумын деп ойлайсыз ба?!

Ал сіз бұл аурудан саумын деп ойлайсыз ба?!
жеке
блог

Ғаламторға тәуелділік. Бұл терминді (интернет-зависимость — Internetaddiction disorder) алғаш рет 1995 жылы американдық профессор-психиатор Айвен Голдберг ұсынған болатын. Ғаламтор ғасырының алғашқы жылдарында-ақ ол Бүкіләлемдік Ғаламтор жүйесіне тәуелділікті құмар ойындарына тәуелді адамда пайда болатын белгілерді салыстырды: бәрінен бұрын бұл әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың адам үшін маңыздылығының төмендеуі. Алғашында бұл терминді ғалым әзіл ретінде айтқан, ал қазіргі таңда бұл «әзіл» күлкілі болатындай жағдайда емес. АҚШ-тың әрбір 8-ші тұрғыны осы «аурумен» ауырады. Халықаралық аурулар классификациясына атауы енгізілмегенімен бұл «аурудың» салдары өте қиын жағдайға әкелуі мүмкін екендігін ақ халаттылар ескертіп отыр.

Сиднейдегі Нотрдам университетінің ғалымдары 13 пен 18 жас аралығындағы 1618 адам қатысқан зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу жұмыстарының авторы Лити Лам ғаламторға деген тәуелділік пен адамның дене мүшелеріне зақым келу салдарларының байланысын тапқан. Зерттеуге қатысушылардың 90%-ы студенттер (ғаламторсыз сабақ оқу қазір мүмкін еместей) өздерінің ғаламтордың тұрақты пайдаланушылары екендігін айтса, қалған 10%-ы сол кездің өзінде-ақ ғаламторсыз өмір сүре алмайтындықтарын мойындаған. Сонымен қатар ғаламторға тәуелді студенттердің алтыдан бір бөлігі ғаламтордан алған кеңестерге сүйенемін деп, талай дене мүшелерін жарақаттағандықтарын да ортаға салған. 

Ғаламторды да абайлап пайдалану керек екендігіне осы мәліметтерден кейін көз жеткіздік. Бұл тек 1-2 мысал ғана. Қылмыстық істер қозғалып, алданып жатқандар қаншама...