Ал кеттік, танысайық!

Танысу анкетасы өз жалғасын табуда. Жако Жұмағалидің анкетасынан кейін өз анкетамды ұсынамын. 

1.    Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Аты-жөні: Ұзақтың ұрпағы Ғазиза 

Тұрғылықты жері: Жер жәннаты Жетісу, Алатау баурайы, әсем қала – Алматы, батыр есімі берілген көше бойы, әдемі 5 қабатты үй

Оқуы/қызметі: Жоғары оқу орнында білім алуда, сондай-ақ, күн демей, түн демей жұмыс істеуде

Тұрмыстық жағдайы: Әлі де кішкентай

Мінезі: бірбеткей, тік мінезі бола тұра, жүрегі жылулыққа толы, кең пейілді, өте мейірімді 

2.    Хоббиің не?

1) Өзге елдердің айналымда жүрген валютасын жинау

Бала кезден жинайды. Бұл қызығушылық екінші ағасының тиындар коллекциясын көргенде оянған. Содан бері өзі де шетел валютасын жинаумен айналысады. Өзге елде өзі не достары болғанда бұйымтай ретінде сол елдің қағаз ақшалары мен тиын-тебендерін сұрап алып жатады.

2) Музыкалық аспаптар жинау. Соңғы 5 жылда пайда болды. Әзірге бірқатар қазақтың халық музыкалық аспаптары мен аккордеон, баян бар. Алдағы күндері топтамасына фортепиано аспабын қосуды жоспарлауда. Фортепианодан дәріс алсам деген іште жатқан тілегі бар.

3) Ән айтады, би билейді, кітап оқиды, өлең жазады, ас пісіреді, тоқыма тоқиды, кесте тігеді, есеп шығарады

3.    Қай елге саяхат жасағың келеді?

Бала кезінен бері айға ұшқысы келеді)))  Ал негізі, әр құрлықта орналасқан бірқатар елдерді аралауды ойластырып жүр.

4.    Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?

Кең қанатын жайып жіберіп, биікке самғай талмай ұшатын қыран құс болар едім

5.    Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Өмір бар жерде, үміт бар

Ер азаматты сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағала

Қыз баланың қымбаты мен қимасы – ар-ұяты мен ибасы

Жасынан талпынған қартайғанда қуанады

Есті қыз етегін қымтап ұстайды

 Халық даналығынан

Қымбат-ау, қыздың ар-мұңы,

Қиын-ау, қиын, тым қиын.

Не болар екен тағдыры?!

Үйіріліп соқса, бір құйын

М.Мақатаев

6.    Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Айтпаймын.

7.    Кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Өзіме беймәлім сол бір жанды 

8.    Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Өліп-талып жақсы көріп, артынан аңдып, жол бермейтін, көргенде аяқ-қол дірілдеп, аузынан сілекей0і ағатын кумирі жоқ. Ал өнерімен де, өмірімен де өзгелерге үлгі болатын жандардың біразы туралы мына жазбада толығырақ айта кеткен. 

9.Сүйікті спорт түрі?

Шахмат, тоғызқұмалақ, көркем гимнастика, мұзда мәнерлеп сырғанау, үлкен теннис

10.Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Кеңес дәуірінде түсірілген қазақ және орыс киноларын қайта-қайта көргеннен жалыққан емеспін.

11.Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Еркек көктен түскен жоқ, әйел оның анасы,

Әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркек баласы

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Бақытты болғың келсе, ақылдылықты үйрен немесе ақылды әйелге үйлен

 

Жанаттың сұрағына жауап берер болсам.

Демалысқа жоспарың қандай?

Жазғы демалыста: міндетті түрде, жайлауға, Корей, Түркия, Ұлыбритания елдеріне барып қайтуды ойластырып жүр.

Апта соңындағы демалыста: сабақ оқиды.

Кезекті еңбек демалысында: сессия тапсырып, диссертация қорғайды.

Кешкі демалыста: қаланы аралап, серуендейді.

Түнгі демалыста: тәтті ұйқы құшағында болады.

13.  Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:

 

Бала күніңізде кім болуды армандап едіңіз?

 

Анкетаны Сәкен ағама беремін. Ал қабылдаңыз. Сізбен де танысайық.



Бөлісу: