Әл-Жазира арнасы

Әл-Жазира арнасы
жеке
блог

 

    «Әл-Жазираның» негізін Давид және Жан Фридмандар салған. Оларға мұндай ой Ицхак Рабин есімді достарын белгісіз біреулер өлтіріп кеткеннен соң пайда болды. Давид Фридманның айтуынша, олар арабтар мен израильдіктер арасындағы араздықты ашық пікір алаңына айналдыра алатын телеарна жасағысы келді.Бұл  арна қос әлемді татуластырып, ақылдастырып, тәжірибе алмасуы үшін қызмет атқару керек болатын. Өйткені соғыс жағдайы – мәселелірді бейбіт жолмен шешуге кедергі болды.

   Фридмандар арнаның бағытын араб идеологиясына жақын танығанды жөн көрді. Бұл үшін олар өз әкесін тақтан тайдырған араб әмірі Хамид бин Халифа әл-Танинің көмегіне жүгінеді.Шейх арнаны өз мүддесін асыру мақсатында қолданбақшы,жарты ғасырға созылған дау-дамайдың дәл ортасында жүріп жеке саясатын жүргізбекші болады.Бас уәзір Израиль еліне Дохадағы өкілдігін ашуға министрлік атынан рұқсат береді. Жобаның негізі 150 миллион долларға қаланды.Бүкіл әлемге хабар араб тілінде тарады..

  Телеарна репортерлерінің Ауғанстан мен Парсы шығанағындағы ерліктері, Америка арналарынан таратылған жаңалықтарды өтірікке  шығаруы «әл-Жазираның»  қатардағы арнадан агенттік дәрежесіне өсуіне мұрындық болды. Алайда журналистер ерліктерін ауыр жазамен өтеді. Батыс «әл-Жазираға»  тіс қайрай бастады. Тарик Айуб есімді журналист дұшпан қолынан қаза тапты. Тайзир Алуни құрықталып, Сами әл-Хаджи Гуантаномо абақтысына қамалды.

  «Америка дауысының» бұрынғы журналисі Вадах Ханфар «әл-Жазираны»  қолға алып оның дамуына өз үлесін қосты. Саяси сауатты әрі өз мамандығының нағыз шебері боп танылған Ханфар, «әл-Жазираға» саяси реңк беріп, ықпалды арнаға айналуына барлық күшін салды. Осы мақсатпен ол, Насердің бұрынғы өкілі Мохаммед Хассанеин Хейкалды мінберге шығарып, Мысырда қуғын-сүргінге ұшыраған Юсуф әл-Кардавиді арнаның «рухани тәлімгері» етеді.

  «Әл-Жазираны» бүгінгі деңгейіне жеткізген оның адал сарбаздары – қайсар журналистері. «Террор» десе зәресі ұшатын  АҚШ азаматтары да соңғы кезде жаппай «әл-Жазирашыл» болып алды. Кім шындық айтып, кім өтірікті соғып тұрғанын олар да аңғара бастағандай. Америка  тұрғындары арнаны интернет арқылы көреді.

   Арна жаңалықтары рейтинг бойынша көш басынан түспей келеді. Қаншама айыптауларға қарамай мұсылман елдерінің жаңалықтары бүгінде бүкіл әлем назарында