Әл-Фараби трактаттары мен Абайдың қара сөздері арасындағы тамырла
блог
Абстракт
Зерттеудің мақсаты:
Бойына туа біткен ерекше талап пен биік талант иелері Әл- Фараби мен Абайдың трактаттары мен қара сөздерінің арасындағы тамырластықты, сабақтастықты, үндестікті зерттеу.
Гипотезасы(болжамы):
Абай өзінің “қара сөздерін” жазуда Әл-Фарабидің философиялық трактаттарына сүйенуі мүмкін.
Зерттеу кезеңдері
~Әл-Фараби өмірі мен шығармашылығымен танысу
~Абайдың өмірі мен шығармашылығымен танысу
~Абайдың қара сөздерімен толық танысу
~Әл-Фарабидің трактаттарымен танысу
Зерттеу барысы:
1.Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар жинақтау,оқу, талдау.
2.Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар жинақтау, оқу,талдау.
3.Абайдың қара сөздерін тақырыптарға топтау.
4.Әл-Фарабидің трактаттарын жинақтау,оқу,талдау.
5.Әл-Фарабидің трактаттары мен Абайдың қара сөздері арасындағы тамырдастықты,сабақтастықты,үндестікті анықтау.
Эксперементтің әдістемесі:
оқу, талдау, жинақтау, салыстыру, топтау.!
Зерттеу жаңалығы:
Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің философиялық,әлеуметтік- этикалық трактаттарында айтылған ой-тұжырымдары өзінен тоғыз ғасыр өткеннен кейін қазақ қауымының жаңа заманында қазақтың ұлы классигі дана Абайдың қара сөздерінде өзінің дәстүр жалғастығын тапқан.
Шығыс философтары “Ал муалим ас-саны“-“Екінші ұстаз” деп атаған ұлы бабамыз Әл-Фарабидің туындыларының саны ғылымда әлі толық анықталған жоқ.Тарихи деректер бойынша жетпіске жуық тіл білген және 164 трактат жазған.Осы трактаттар дүние жүзінің көптеген тілдеріне, атап айтқанда, араб, парсы, еврей,латын,ағылшын,француз,неміс,испан,орыс,қазақ,өзбек,т.б
аударылған. Бізге ұлы жерлесіміздің 80-нен астамшығармалары жеткен.
Әл-Фарабидің трактаттары «Философиялық» трактаттар, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Даналық дана тастар», «Мәселелердің мәні», «Жан куаттары», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің Накыл сөздері», «Бакытка жету жайында», «Риторика», «Сауалдар мен оларға қайтаратын жауаптар»
XVIII ғасырдың 90-шы жылдары iшiнде (1890-1898) Абай Құнанбаев бір алуан шыгармаларын кара сөзбен жазган. «Қара сөздер» деген атау елен сөзден белек дүниелер мағынасын білдіреді. Абайдын кара сөздерi - өзі өмірде бастан кешкен өмір сабактардуралы ойларын, содан туындаган Даналык туйiндердi жинақтаған публицистикалык үлгіде жазылған туындылар. Жалпы саны - 45.
Қара сөздердің негізгі такырыптары:
1. Шығармашылық еңбек туралы-1- қарасөз
2. Халықтарды салыстыру-2-қарасөз
3. Ұрпаққа тәрбие беру, білуге ұмтылу-7-карасөз
4. Ұлықтар туралы ойларды әшкерлеу-11-қарасөз
5. Күллі туралы ойы, сыны-4-карасөз
6. Қазақ сахарасындағы әкімшілік басқару, билік туралы-3-қарасөз
7. Қазақ мақалдары туралы—5,29-қарасөз
8. Педагогтік, ұстаздық ойлары—31,32-қарасөз
9. Көрікті ойлары, афоризмдер-37-қарасөз
10. Адамдық қасиет туралы-15,17,18,19,20,21,22,23,24,25,28,30,34,44- қарасөздері
11. Дін мен мораль, тәрбие мәселесі— 12,13,16,27,35,36,38,45-қара сөздері
12. Ел мінезін сынау—6,8,9,10,14,26,29,33,39,40,41,42,43- қара сөздері
әл-Фараби мен Абай арасындағы даналық ой-пікір сабақтастығы.
«Моральдык-этикалык трактат «Әзілқойлық - әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал апілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола аламыз. Ендi бізге қалғаны бір шеткерліктен екінші шеткерлікке немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу»
4-сөз
”...Күлкіге салынған кісі не шаруада,не
ақылдан,не бір ұят келерлік істен құр,ғавил көп өткізіп отырса керек“
17-қара сөз
«Осы үшеуің басыңды кос, бәрін де жүрекке билет Осы үшеуін бір кісіде менің айтканымдай табыссандар, табанының топырағы кене сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсан, мен жүректі» жактадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы.
Трактат
«Қайырымды қала тұрғындары» «...Жүрек- басты мүше, мұны тәннiң ешқандай басқа мүшесі білемейді. Бұдан кейін мп келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»
19-қара сөз
...Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жаксы, жаманды танидыдағыны, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естiп, ең жақсы нарселердi ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда iске жарайды, сонда адам десе болады.
Трактат
«Интеллект жөнінде" «Әлденендей бір затты түйсiнгiсi келген адам бұл ниетіне әр түрлі амалмен, қалаған немесе күткен затын әйтеуір бір жолмен ұғынып алу үшін, яки өткен кездегi бiр затты түсіну үшін, не болмаса қиялдағыш күш аркылы бейнелеген затты білу үшін әуелі киялдау күшiн iске асырады»
«Философиялық трактат «...Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді
сейлеушiнiң ойындағысындай және iстiн жай-жағдайына
сәйкес ұғып алтын болуы керек, өзi түсінген, көрген, естіген және аңғарған нарселердiң бәрiн жадында жақсы сақтайтын, бұлардан
ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек
Естіген нарсені ұмытпастыққа 4 түрлі себеп
бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ
керек,
екінші-сол нәрсені естігенде, я коргенде ғибратләну керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен угу керек, үшінші- сол нарсені ішінен бірнеше уакыт қайтып ойланып, көңілге бекіту керек, тергiншi- ой-кеселді нарселерден қашық болу
керек
”Жан қуаты” трактаты «...Ақыл-парасат күші- адамның
ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуға және жақсы
қылық пен жаман кылықты айыруына көмектесетін кәсiби күш».
...Адам ұғылы екі нәрседен: бірі- тап, бірі- жан Ол екеуінің орталарында болған нарселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсiби- оны білмек керек. Ішсем, жесем, ұйықтасам демектiң басы- жибили. Ақыл ғылым - бұлар кәсіби
Қорытынды.
Әл-Фарабидің бойына туа біткен ерекше талап пен биік талант, оның өмір бойы iзденiп, бал арасы сиякты білім нәрін жинауына, сөйтіп ел-жұртының көкірегіне асыл нұрын дарытатын ғажап шығармалары-трактаттарынын тууына жіктеледі. Жан-жакты дархан білім, терең толғаныс ғылымның кәусар бұлағының көзін ашты. Бiлгенiн, жинағанын терең талдап, халық керегіне, болашақ мұқтажына жаратты. Тап осы баба ғалым сияқты қазақтың ойшылы Абай да өз тағдырынан нысанасын берік белгілеп, өмір жолын туған халқына қызмет етуге арнады. Осы тұста Абайдың Әл-Фарабидің ғұлама Ғылымымен таныс болуы мумкін. Фактілерге сүйенсек: Абай Шығыс классикасын жетiк бiлген, соған еліктеген, өзінің бойындағы талантына дем берер күш-қуат тапқан. Абай өзі атап көрсететін Фирдоуси, Хафиз, Сағди, Сайхали, Науаиларды білумен қатар көне түркі классикасын, оның ішінде Әл-Фарабидi де бiлуi мумкiн. Есiмi ақын еңбектерінде кездеспесе де, данышпанды тануы мүмкін. Әл-Фарабидің философиялык, әлеуметтік-этикалык ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі ойшыл Абайдын қара сөздерінен дәстүр жалғастығын тапқан. Ол туралы жұмыстың зерттеу бөлімінде дәлелденген.