Әл-Фараби жастары – жарқын болашақ кепілі

Әл-Фараби жастары – жарқын болашақ кепілі
жеке
блог

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздегі жоғары білімді маман даярлайтын ең үздік оқу орны. Білім ордасы білікті, ізденімпаз, талапшыл, шығармашыл, жан-жақты, тілмаш, қабілетті студенттердің мекені. Жастарға ерекше қамқорлық жасау еліміздің болашағы үшін көптеген жоспарларды іске асыруда маңызды. Өткен 2019 жыл еліміз  үшін ерекше жыл болды. Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың  қазан айындағы Жолдауында осы жылды – «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Еліміз үшін  жастардың  болашағы мен бүгініне  қамқорлық жасау аса маңызды саясат екеніне көптеген себептер бар. Өйткені еліміздің болашағы мен ертеңі жастардың қолында. Еліміз жыл сайын жоспарлап отырған дәстүрлі Жолдаулары мен жоспарларың болашақта жүзеге асуы тек жастар үшін ғана емес еліміздің болашағы үшін қажет.

        Жастарды қолдау алдымен олардың  жұмыспен қамту мәселесіне келіп тіреледі. Осы бағытта елімізде «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары қолға алынса, оларды әлеуметтік қамту  «Бизнестегі жол картасы», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламалар аясында жастарға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру мақсатында іске асуда. Сондай-ақ, мемлекетіміздің жоғару оқу орындарында   «100 кітап»,  «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен білім сапасын арттыру, студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсарту», «Жасыл ел» т.б. бағдарламалар да өз кезегінде оқу-тәрбие жұмыстарымен бірге жүзе асырылып жатқандығы байқалады.

          Сонымен қатар, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көптеген іс-шаралар жүйелі түрде орындалып жатқандығы университет сайтындағы күнделікті студенттерге арналған конференциялар, семинар, тәрбие сағаттары мен   іс-шаралар ауқымы мен олардың жүзеге асырылуын байқауға болады. Университет студенттері арасындағы үдерістерді басқару мақсатында жаңа институттық үлгісі құрылды. Университет көлемінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту жоспары бойынша маңызды қадамдар жасап  – жастардың бәсекеге қабілетін көтеру және оларды Қазақстанды жаңғырту үдерісіне тарту мақсатында, студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен ғылыми-тағылымдамалық және ақпараттық кеңес беру қызметімен қамтамасыз етуде.

            Еліміздің болашығы мен ертеңі жастарға сапалы білімі беру, оларды игі істерге бастау толассыз жүзеге асуы тиіс.

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы                                                                                                      

 

Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2 курс магистранты:                                          Рысбай Арайлым Әділқызы

 

 

 

Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр: Әбікенова Жанар Жамбылқызы