Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды. 1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті оқу мерзімі 5 жылдық ашылды. КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.Қала ішіндегі Казгуград қалашығы деп аталып кеткен мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. Студенттер сарайында өнерлі студенттерге арналған студенттер клубы жұмыс атқарады. Студенттер клубының дарынды мүшелері талай байқаулардың жеңімпаздары. Еліміздегі ұлттық статусты иеленген университтердің алдыңғы қатарында тұр.Мамандығымнан мен шетел филологиясы қытай тілін таңдадым. Қытай тілі мен үшін бұрыннан қызық. Қытай тілі өте күрделі және ауыр тіл. Оны меңгергеннен кейін, басқа тілдер әлдеқайда оңайырақ болады. Қытай тілі қазіргі кезде өте талап етілетін тілдердің бірі. Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр.Сол мүмкіндікті біздер яғни жастар тиімді қолданып,сапалы білім ала аламыз.Қазақ Ұлттық университетінің мұғалімдерінің білім беру тәжірибесі жоғары деңгейде. Әр студент осы жоғары оқу орнын бітірген де жақсы маман иесі болары анық. Осының бәрі еңбектің арқасы. Тек қана берілмей, қиындықтарды төзе білу керек.
Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы 4 курс шетел филологиясы мамандығы студенті Минажова Раушан
Жетекші Шарыпқазы Н.