Еліміздегі ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы қаңтар айында өз негізін қалаған. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Quacquarelli Symonds (QS) жаһандық рейтингінде 165-ші орынға көтеріліп, әлемдік ғылыми және білім беру кеңістігінде жоғарғы деңгейге сәйкестігін растады. Бұл ЖОО Қазақстан Республикасының мәдени және саяси дамуында өзінің үлесін қосуда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет – бұл 180-нен астам сала бойынша мамандар дайындайтын ғылыми кешен. ЖОО құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк, кітапханалар бар және бұл оқу орында 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және білікті мамандар жұмыс істейді. Бұл ЖОО жастарды болашақта бәсекеге қабілетті маман етіп дайындауға, білім алушылардың кәсіби біліктерін дамытуға жағдай жасайды.
ҚазҰУ – бұл жастар мекені. Жыл сайын Республикамыздың әр облысынан болашағына нық сеніммен қадам басу үшін жастар осы білім ордасына оқуға түсуде. Қазіргі заманғы талаптарға сай келетін, жалпы алаңы 81 мың шаршы метрді құрайтын 14 ыңғайлы жатақханада 5 мыңнан астам студенттер тұрады. Университет әр білім алушыға өмірде өз жолын табуға мүмкіндіктер береді. ҚазҰУ жастарға сапалы білім беріп қана қоймай, шетел мемлекеттерінде іс-тәжірибеден өтуге, сондай-ақ, студенттердің шығармашылық жағынанда дамуын есепке алады. ҚазҰУ-нің студенттері халықаралық ғылыми жобаларда жүлделі орын иегерлері, ал түлектері Қазақстан Республикасында белгілі қоғам қайреткерлері мен белсенді саясаткерлер.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушы-профессорлар қауымына алғысымды білдіремін. Алғаш түскен сәттен білім нәрімен сусындатып, жоғары академиялық білімді игеруіме және кемел ғылымға жол ашуыма оразан зор септігін тигізуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология және Әлем Тілдері факультеті
Жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасының доценті,
PhD докторы Ж.Т. Таубаев
«7М01704 – Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының
І курс магистранты Н.К. Шаудирбаева