әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Microsoft орталығы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және  Microsoft орталығы
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Microsoft IT-академиясының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Microsoft-тың Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша бас менеджері Анке ден Аудeн, «Майкрософт Қазақстан» ЖШС бас директоры Тибор Колеяк және ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев қатысты.

Microsoft IТ-академиясы – студенттер мен оқытушыларды Microsoft технологияларына оқытуға арналған алаң. Академия ашылған сәттен бастап, студентерге Microsoft өнімдері және технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын үйрету және оны ары қарай сертификаттаудан өтуге жағдай жасау мақсатында ақпараттық технологиялар және механика-математика факультеттеріндегі мамандықтарда оқыту курстарын қайта қарастырмақ.

«Тарихы тереңнен тамыр алатын қазақстандық университеттің оқыту-ғылыми кешенінде цифрлік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшының озық IТ-академиясы өз жұмысын бастап отырғандығына біз қуаныштымыз. IТ-академия бағдарламасына қатысу арқылы университет осы саладағы кәсіпқойларға, болашақ студенттерге және академиялық экожүйеге мүдделі басқа да тараптарға Microsoft-тың ең соңғы технологиялары бойынша жоғары сапалы білім беріп, осы салада мойындалған университетке айналуға мүмкіндік алмақ», - деді Мұхамбетқали Бүркітбаев.

ҚазҰУ Microsoft IТ-академиясы технологияға бағытталған экономикада жетістікке жету үшін қажетті білімдерді оқытушылар мен студенттерге игеруге мүмкіндік беретін оқу бағдарламалары мен сертификаттауды ұсынады. Курстар компьютерлік ғылымдар, IТ-инфрақұрылым, деректерді өңдеу және талдау, өнімділік сынды бағыттарда дайындалған.

Microsoft-тың Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша бас менеджері Анке ден Ауден: «Жоғары білім технологияларға негізделген экономиканың даму беталыстарын ескеріп, студенттердің болашағы үшін жаңа мүмкіндіктерді құру жағдайын жасау қажет. Бұл инвестициялар жас мамандарға басқаша қырынан ойлап, күрделі әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге арналған дағдыларды дамытуға көмектеспек. Microsoft Imagine Academy – бұл қазақстандық студенттерге технологиялар яғни, қалай өмір сапасын көтере алатындығы жайлы өз заманауи көзқарасын білдіріп, инновациялық машиналарды, материалдар мен жүйелерді жасау ісінде оларға қолдау көрсетеді» – деді. 

ҚазҰУ Microsoft IТ-академиясы оқытушыларға технологиялар туралы сан алуан онлайн курстардан өтуге, оқу курстарына өзекті ақпаратты қосуға мүмкіндік берсе, студенттер сертификаттаудан өтіп, осының арқасында бүкіл әлемде танылатын Microsoft сертификаттарына қол жеткізе алады.