Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – “Al-Farabi university-smart city”
блог
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – “Al-Farabi university-smart city”
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» Әл-Фараби бабамыздың осы бір сөзі ұранына айналған , 85 жылдық тарихы бар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, ғылымды дамытуғада үлкен үлес қосып келе жатқан, халықаралық ғылым және білім кеңістігінде өзінің лайықты орнын алған еліміздегі жетекші жоғары оқұ орындарының бірі.
Университеттің мақсаты - ерекше түрдегі адам капиталын қалыптастырудағы сапалы жаңа нәтижеге жету, ел және әлем азаматтарын дайындау, елдің тұрақты дамуына қолдау жасау.
1934 жылы негізі қаланған бұл университетте бүгінгі таңда 2000-нан аса профессорлар, докторлар, ғылым кандиданттары, 100-ден аса академиктер, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткерлер жұмыс істейді. Университет қабырғасында 20000-нан астам студентер кәсіби жоғары көпсалалы білім жүйесі бойынша білім алуда. Жастардың сапалы білім алуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Мұнда студенттерге қызмет көрсету орталығы (кинотеатр, медициналық орталық, дәріхана), жас ғалымдар үйі, үш жарым миллион кітап қоры бар кітапхана, студенттер үйі, студенттер сарайы сынды нысандар бар.
ҚазҰУ- шетелдің үздік оқу орындарында білім алғысы келген жастарғада жол ашып, әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірлесіп, қос дипломды білім берудің 70-тен аса бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз университет. Бүгінгі таңда Ресей, Италия, Франция, Корея, Жапония, Литва, Испания, Туркия сынды елдердің университеттерімен бірлескен қос дипломды бакалавр, магистрлік және PhD бағдарламалары жүзеге асырылуда.
2014 жылы ҚазҰУ «Al-Farabi university- smart city» ғылыми – инновациялық жобасын іске қосқан болатын. Бұл жоба әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, мәдени құндылықтарға ие университеттің жаңа санасы болып табылады.
Университетте сабақтар 3 тілде жүргізіледі; қазақ, орыс, ағылшын. Жыл сайын ҚазҰУ жетекші бәсекелестікке қабілетті 6000 маман дайындап шығарады.
2017 жылы 1 желтоқсанда – елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Осы орайда елбасымыз Н.Назарбаев «Ғаламторға телмірген заманда ІТ технологияны мемлекет барынша қолдап қарапайым халыққа ілгері дамыған бағдарламаларды үйрету қажет» деген болатын. Бүгінде цифрландыру жүйесі білім ордаларында қалыптаса бастап, ақпараттық технологияларды игеру және оларды дамыту білім саласының басты бағыттарына айналды.
Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сандық технологияларды қолдануды барынша қолға алған, және білім берудің цифрлік стратегиясын меңгеріп жатыр. Бұл стратегияның аты «Al-Farabi university - smart city» деп аталады. Бұл стратегияның басты мақсаты жаңа технологияларды жиі қолдану арқылы мұғалімдермен студенттердің цифрлік мәдениетін өзгерту.
«Al-Farabi university - smart city» жобасы елбасымыз Н.Назарбаевтың 2020 жылға қарай кем дегенде екі ЖОО ең үздік әлемдік рейтингтен көрінуі тиіс деген мемлекеттік тапсырманың әдіснамалық негізі болып табылады.
ҚазҰУ-дың ІТ мамандары әзірлеген «Универ 2.0» бағдарламалық кешені Қазақстан Республикасының ірі университеттеріне енгізілген және Майкрософт компаниясы тарапынан жоғары бағаланған. Бұл жүйе арқылы мұғалімдермен студенттер өздерінің сабақ кестесін көре алады, студенттердің емтихан кестесі, үлгерімі, сабаққа қатысу жиілігі, емтихан бағасы, студенттерге қажетті мәліметтермен материалдар осы жүйеде автоматизацияланған, және оны студенттермен мұғалімдер кез-келген уақытта көре алады. Мұғалімдерге күнделікті әр студент жайлы мәлімет алып отыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық жүйеге сәйкес студенттерді студенттер үйіне орналастыру да электронды жүйеге ауысқан. Сонымен қатар 3,5 миллиондық кітап қоры бар цифрлық кітапханада Әл-Фарабиге байланысты барлық кітаптар, диссертациялармен авторефераттар және барлық оқулықтар толық цифрлық форматқа өткен.
Ержанова Балнұр Ержанқызы
ҚазҰУ, 2 курс магистранты