Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдауымның себебі
блог
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.
Абай Құнанбайұлы
Қазақ қоғамында ата аналар перзенттерін болашақта табыс көзі болатын дұрыс мамандықты таңдауға бағыттайды. Алайда көпшілік жағдайда перзенттерінің сол мамандық бойынша қандай жоғарғы оқу орнына түсетіндері туралы қам жемейді. Бұл өте толғандыратын сұрақ, себебі жоғарғы оқу орнын дұрыс таңдау арқылы бала өз-өзіне болашақта алатын білімінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Ал, жоғарғы оқу орнын бітірген (бакалавриат) студентке магистр атағына ие болу үшін дұрыс оқу орнының таңдалуы қаншалықты маңызды? Бұл мақалада мен магистр атағына ие болу үшін неге Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдадым деген сұраққа жауап бергім келеді.
Мәселенің түпкі тамырын анықтамас бұрын, «магистратура дегеніміз не және оны не үшін оқиды?» деген сұраққа жауап бергім келіп отыр. Магистратура - жоғары кәсіби деңгейлі кадрларды даярлауға арналған білім беру бағдарламасы. Магистратураны оқу жоғары біліктілік пен кәсібилікті талап ететін ғылыми-зерттеу әрі практикалық жұмысқа бағытталады. Мен шет тілі: екі шетел тілі маманы ретінде біліктілігімді және кәсіби деңгейімді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жалғастыруды жөн көрдім. Оның дөп басып айтатын себептері көп. Біріншіден, бұл жоғарғы оқу орны маған білім және ғылым саласында көпжылдық тәжірбиесімен, оқытушыларға, профессорларға т.б. байлығымен, мамандықтардың алуан түрімен, ғылыми жобалардың көптігімен көзге түсті. Екіншіден, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і «Dual education» бағдарламасын ұстана отырып, көптеген шет елдерде элита саналатын университеттермен тығыз қарым-қатынаста. Үшіншіден, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экс Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді. Егер біз еліміздің болашағына жуапкершілікпен келіп, мамандық, кейіннен жоғарғы оқу орнын таңдауда сауаттылық білдірсек, университетіміз көп ұзамай ең үздік 50 жоғарғы оқу орындарының қатарына кіретінімізге сенімдемін.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының білім деңгейін көтеріп, бәсекеге қабілетті, қоғам талабына сай, ел үмітін ақтайтын азамат боламыз десек, мен іспеттес жоғарғы оқу орнын дұрыс таңдауларыңызға шақырамын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шет тілі: Екі шет тілі мамандығы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Филология ғылымының докторы:
Ибраева Жанар Кулматовна
1 курс магистранты
Ибраева Марал