Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - білім беру тірегі.
Қазақ Ұлттық Университеті еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Сонау 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап, әлі күнге дейін Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар оқу орны болып келеді.
ҚазҰУ түлектері тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар шетелге де танымал. 180 мамандық бойынша білім алуға болатын көп салалы университет. Университет түлектерінің арасында-белгілі саясаткерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлері бар.
Университетте 16 факультет шоғырланған. Атап өтсек:
· Журналистика факультеті
· Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі
· Механика-математика факультеті
· Биология және биотехнология факультеті
· География және табиғатты пайдалану факультеті
· Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
· Тарих, археология және этнология факультеті
· Халықаралық қатынастар факультеті
· Филология факультеті
· Философия және саясаттану факультеті
· Химия және химиялық технология факультеті
· Физика-техникалық факультет
· Заң факультеті
· Медицина және денсаулық сақтау факультеті
· Ақпараттық технологиялар факультеті
ҚазҰУ-дың 86-жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылады.
Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS) компаниясының зерттеулеріне сәйкес Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті биыл әлемнің үздік 200 университеттерінің қатарына қосылып, 165 орынға көтерілді.
Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаттары, 100 академик пен елу философия докторы бар.
Қазіргі таңда пандемия жағдайына байланысты әлемдегі барша студенттер қашықтықтықтан оқуға мәжбүр болып отыр.
Осыған орай, мәдениеттану пәнінің оқытушысы Тунгатова Ұ.А – ға сұрақ қойдық
-Қазіргі жағдайда пандемия жағдайындағы студенттерге кашықтықтан білім берудің қиындықтары мен ерекшеліктерін атап өтсеңіз?
-Әлемде орын алып отырған пандемия жағдайына байланысты тек қана біздің елде емес, жалпы әлем бойынша осындай өзгерістер орын алып отырғандықтан, әрине өзінің қиындықтары да жоқ емес, бірақ моральдық жағдайдан алғанда студенттер ата- аналарының қасында үйлерінде, сол себептен ешнәрсеге алаңдамай тек қана білім алуға барлық мүмкіндіктер бар.
Қазақ Ұлттық Университетінің күллі әлемге қиын шақта студенттерге сапалы білім беріп отырған оқытушыларына шын жүректен алғыс!
Халықаралық қатынастар,
І курс студенті: Ауезов Акылжан
Аға-оқытушы: Тунгатова Ұ.А.