Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
блог
«Әл-Фараби»атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ірге тасы сонау 1934 жылы қаланған, осы уақытқа дейін абыройы артпаса кемімеген мүмкіндіктермен білім ордасы. 1991 жылдың 23 қазан күнінен бастап университетімізге “Әлемнің екінші ұстазы”- Әбу Наср Әл-Фарабидің есімі берілді. Қазіргі таңда ҚазҰУ Республика бойынша 1-ші орында болса, әлемдік рейтингте 175 орынға ие.
Университет қабырғасында жүріп-ақ шет елге шығуға, Start Up жоба бастауға, көп адамдармен байланыс жасауға, атақты тұлғалармен кездесуге болады. Менің ҚазҰУ-не түсуге деген талпынысым жоғарғы болғандықтан жақсы дайындалып, мамандығым бойынша жеткілікті балл жинап Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атануға мүмкіндік алған едім.Қазіргі кезде мақсатымның орындалғанына, Қазақ Ұлттық Университетін таңдағаныма мүлде өкінбеймін, керісінше мақтанышпен айта аламын.
Қазіргі кезде мен Университеттің 16 факультетінің ішінде шығыстану факультетінің қытайтану мамандығында оқып жатырмын. Осы жылы оқу бітіремін.ҚазҰУ-ті мүмкіндер мекені. Бұл жерде жоғарғы біліммен қатар студенттің барлық жағдайы қарастырылған. Ал ҚАЗҰУ-дың әсем табиғаты ол бөлек тақырып. Табиғаттың барлық сұлулығы осында жиналған секілді. Мұның бәрі осында білім алып отырған адамзат үшін өте үлкен шабыт пен мақтаныш. Барлық уақытта менің университетім, яғни ҚАЗҰУЫМ– мақтанышым деп мақтанышпен айта аламын. Келесі кезектегі жоғарғы оқу орнын қателеспей таңдау еркіндігі түлектердің қолында. Әрбір түлектер мен болашақ түлектер ең керемет және жоғарғы деңгейдегі университетте оқуға лайықты. Ал ҚАЗҰУ барлық мақтауға лайықты университет.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстану факультеті,қытайтану кафедрасының
4 курс студенті Озғанбек Шапағат
Оқытушысы:Шәріпқазы Нұртәліп