Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің іргесі 1934 жылы қаланды. Құшағын студенттерге айқара ашқан сәттен бастап бұл университетте өз заманының озық тұлғалары білім алып келеді. Бүгінде университетіміз ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші университеті болып табылады. Жан - жақты студенттерімен озық білімді ұстаздардың арқасында ҚазҰУ көптеген ірі жетістіктерге жетіп келеді. Әлемдік Сovid-19 пандемиясы университеттің жоспарланған жұмысына өзгеріс енгізгенімен, оқу ордасы өз бағыт-бағдарынан айныған жоқ. Қашықтан оқытумен университетіміздің барлық 16 факультетінің студенттері түгелдей қамтылған. Пандемияға қатысты карантиндік шектеулерінде ҚазҰУ кампусының аумағында бұқаралық-мәдени іс-шаралар мен кездесулер өткізу түгелдей тоқтатылды, дегенмен, студенттік өмір тоқтаған жоқ. Мысалы, биыл «Мен жастарға сенемін» республикалық байқауы онлайн форматта басталды. «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясы да онлайн форматта өтті. Конференцияның секциялық отырыстарына республиканың және алыс, жақын шетелдердің университеттері мен институттарының ғылыми орталықтарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары белсенді түрде қатысып, жаңашыл ізденістерін ғылыми орта талқысына салды. «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы – бүгінде ерекше мәнге ие жастарды көркем шығарма оқу мен кітап құндылығын арттыратын рухани шара. Жалпы талапкерлердің ҚазҰУ – да білім алуға қызығушылық білдірулеріне себеп көп. Әрине ҚазҰУ – дың ең басты басымдығы таңдау аясы кең, яғни оқытылатын мамандықтар саны көп және сапалы. Мен ҚазҰУ студенті ретінде жас талапкерлерге жоғары оқу орындары арасынан әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсуге кеңес беремін!
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті Жасұзақ Дариға
Ғылыми жетекші: PhD докторы, аға оқытушы Мұқан Нұрзат
Практика жетекшісі: Әскенұлы Елнұр