Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз еліміздің жоғарғы оқу орындарының арасында шоқтығы биік, қашанда дара тұратын білім ордасы. Бұл мәртебеге қол жеткізу оңай болған жоқ. Аталған оқу орны мәртебелі жетістіктерге құрылған күннен бүгінгі уақытқа дейінгі ғасырға жуық 80 жылда, қалыптасу мен дамудың, бірнеше буын өкілдерінің, университет басшыларының, жалпы оқытушы-профессорлар құрамының қажырлы еңбегінің нәтижесінде жетіп отыр.
Қазіргі кезде ҚазҰУ-інде 15 факультет қызмет атқарады. Әрқайсысында жоғарғы дәрежедегі мамандырылған оқытушылар мен профессорлер білім беруде.Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар,бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында, оған қоса, шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады.Сонымен қатар негізгі факультеттерден басқа дайындық факультетінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетел азаматтары мемлекеттік тіліміз қазақ тілін уйрену үстінде.Олардың араларында Ауған азаматтары,қытайлар,корейлер,түріктер және шетелдерде тұратын өзіміздің қандас бауырларымыз, яғни қазақтар да бар.Осының есебінен біз студенттер шетел азаматтарымен танысып,басқа елдердің мәдениетін танып біліп оларға өзіміздің елімізді танытамыз.Шығыс тілдерін уйреніп жүрген біздерге бұл керемет тәжірибе деуге болады.Себебі олар бізге,біз оларға көмек көрсетеміз.Бұл жайт ҚазҰУ-ның керемет мүмкіндіктерінің бірі болып есептеледі.
Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.
Мен 85 жылдық тарихы бар қазақ ғылымы мен біліінде, жалпы оқу ағарту ісінде елеулі орны бар әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студентімін. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 180-нен аса мамандық бойынша Қазақстан республикасының болашағы мен сенімі - жалындап тұрған студенттерді дайындап, оларға барлық жағынан мүмкіндіктер мен жарқын болашаққа жол ашады. 1934 жылдың 15 қаңтары – университеттің құрылған күні болып белгіленді. Дәл осы күні ҚазМУ- дың алғашқы студенттері қабылданып, 19 қаңтар күні Верный ерлер гимназиясының ескі ғимаратында биология және физика-математика факультеттерінің 54 студенті оқуға кірісті. Осы жылдың 1 қыркүйегінде химия факультеті ашылды. Университеттің тұңғыш ректоры болып ҚазССР халық ағарту комитетінің орынбасары қызметінде болған Ф.Т.Оликовтағайындалды. Университеттің ғылыми және оқыту жұмыстары республикадан тысқары жерлерде арнайы дайындықтан өткен 18 оқытушы құрамымен басталды. 1934 жылдың 2 желтоқсанында университетке С.М.Киров есімі берілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстану факультеті,қытайтану кафедрасының
3 курс студенті Турсынова Меруерт
Оқытушысы:Шәріпқазы Нұртәліп