Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілген білімгерлер цифрлық білім беру технологияларын қолдана отырып, Zoom және Microsoft teams сынды платформаларда білім алуда. Дәріс конспектілері, видеодәрістер мен презентациялар «Универ» жүйесіне жіктелініп, білімгерлерге қолжетімді түрде ұсынылатын және қазіргі жағдайда кеңінен барлық мәліметтер толыққанды орын алуда. Орындалған тапсырмалардың жүйеге ешқандай кедергісіз жүктелуі оқытушылар үшін бағалау процесін одан әрі тиімділігі жоғары. Себебі жүктелген тапсырмалардың басым бөлігі академиялық адалдық принципіне сәйкес антиплагиаттан өткізілуде.
Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу барысында білімгерлердің басым бөлігі оқытушылардан алған білімін ғаламтор желісіндегі түрлі ақпарат көздерінен алып келеді, нақты эл.кітапхананың қолжетімділігімен ерекшеленуде. Дегенмен, университет кітапханасы кітаптардың толық нұсқасын электронды түрде алуға мүмкіндік бере отырып, студенттердің сапалы білім алуына зор үлес қосуда.
Студенттердің ғылыми ізденістерімен бөлісу мақсатындағы конференциялар мен жиындар да онлайн платформаларда өткізіліп келеді. Олардың мысалы ретінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясының онлайн форматта өткізілуін атап өтуге болады. Бұл білімгерлердің ғылыми ізденісіне қашықтықтан оқыту жүйесінің кедергі еместігін көрсетеді.
Емтихан кезінде академиялық адалдықты сақтау мақсатында және бағалаудың шынайы өткізілуі үшін емтихан «Универ» және «MOODLE» қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы антиплагиаттық тексеріспен қабылданады. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығы бойынша, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы және қорытынды бақылауды, аралық және қорытынды аттестатциялауды онлайн режимінде өткізу үшін, білім алушыға мүмкіндік беретін онлайн проекторинг технологиясын қолданылып, білім алушының экраны мен мінез-құлқын қадағалауға, сондай-ақ оқу үдерісіне сәйкес емтиханды бейне жазбаға жазу қамтамасыз етілуде. Емтихан кезінде орын алуы мүмкін техникалық кедергілердің барлығы ескеріліп, олардың алдын алу мақсатында конференциялар, тренингтер мен кураторлық сағаттар өткізлуде. Сондай-ақ, университет жүйесінде емтиханды өткізу ережелері мен толыққанды ақпаратты қамтитын нұсқаулықтар берілген.
Жоғарыда аталған шаралардың тиімді іске асырылуы университеттің алдын-ала цифрлық оқыту жүйесіне дайындалғандығының және дәстүрлі оқыту жүйесі кезінде де қолданылған университеттік жүйенің тиімді құрылым екендігінің көрсеткіші.
Медетбекова П.Т.,
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ,
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері
кафедрасының оқытушысы
Байзакова Ш.К.,
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ,
«Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының
магистранты