Израильдің 9-шы президенті Шимон Перестің Украина астанасы Киевте өткен “Ялта Еуропалық Cтратегиясы” форумында сөйлеген сөзі бүкіл әлем жұртшылғын таңдай қақтырды.
Біз өз жерімізіді армандадық,бірақ бізге тиген жер армандайтындай емес еді. Бұл Таяу Шығыстың саз-балшықты, оңтүстігі құмды,тасты іске жарамсыз алақандай ғана жері болатын. Бізде тасты жер мен масаға толы саз-балшықтан басқа таңдау болған жоқ. Мұнда бірі-өлген, екіншісі-өлуге айналған екі өзен болды.Бірі әлемге танымал болғанымен онда су жоқ еді, дәлірек айтсам су мүлдем жоқ еді.Ешқандай табиғи қазба-байлықтар-мұнайда,алтында болған жоқ.Сол кездері Таяу Шығыста екі типті елдер болды:бірі-мұнайлы ел,екіншісі-қасиетті ел. Біздікі анық қасиетті еді, өйткені мұнда мүлдем-мүлдем ештеңе болмады.
Біз жалғысырадық.Біздің діні бір бауырымыз, тілі бір қарындасымыз, тарихы бір көршімізі болған жоқ.Мұның бәрі Холокостан кейін болды.Біз бұл жерге келгенде тіпті, не істерімізді де білмедік.Шыныменде білген жоқпыз.
Жұрттар менен: Қалай белсенді өмір сүруге болады?-деп сұрайды.Бұл өте қарапайым. Ойыңыздағы жетістіктер мен армандарыңызды санаңыз.Егер армандарыңыз жетістіктеріңізден көп болса, онда сіз әлі жассыз, белсендісіз.
Біз табиғаттың ең басты байлығы-адам деген қорытындыға келдік.Жер адамдарды емес,адамдар жерді байытты.
Біз бәріміз ғалым болдық. Израильдегі әрбір фермер ауыл шаруашылығын қалай сусыз,жерсіз дамытуға болады деген терең ойдың жетегінде жүрді.Біз жерді өңдей бастадық. Бұл әлемдегі хай-текке негізделген ең алғашқы ауыл шаруашылығы болды. Мен ол кездері ауылшаруашылық институтында студент едім.Біз ағаштарды солай істесек дұрыс өседі деп,ыстық сумен суардық. Сонымен, тек жерге ғана емес,хай-текке негізделген ауыл-шаруашылығын жүзеге асыруға болатындығы-талайларды таңғалдырды.Қазіргі таңда, бізде су жеткілікті.Бірақ, суды бұлақ көзінен емес, өңдеп аламыз.
Ауыл-шаруашылығын дамытуда суды тұшыландырып, суды аз қажет өтетін көкөніс түрлерін шығарып, сұрыптаумен айналыстық.Міне, нағыз құпия: болашақ үшін сіздердің тапқандарыңыз емес,өндіргендеріңіз маңызды.
Бізде халқымыз бар-жоғы 450 мың ғана еді.Бұрын жауласпағандықтан,бізде қару-жарақта, генералдарда, әскери тәжірибеде болағн жоқ.БҰҰ Израиль мемлекетін құруға шешім қабылдады, бірақ соғыс өршіп тұрды. Біз не істей алар едік? Екі нәрсе.
Бірінші-халық ержүрек,батыл болу керек еді.Олар бізде жеңуден басқа таңдау жоқ екенін түсінуге тиіс еді.Егер біз бір рет жеңілсек бәрі бітті.
Екінші-бізде қару-жарақ болмағандықтан, оны өзіміз жасауға тиіс едік. Әскерді дамыту үшін, бізге ІТ дамытуға тура келді.Израильдің ІТ секторы әскерге жұмыс істеді.Себебі біз,жан-жақтан қоршаған қалың жаудың ортасында қалған болатынбыз.
Бұның бәрін сіздерге не үшін айтып отырмын?Әлі күнге дейін,барлық жастарға сендердің өздерің ойлағаннанда, мүмкіндіктерің жоғары деуден еш шаршаған емеспін.Жалқау болмаңдар. Сендерде жердің береріненде мол, мүмкіндік бар. Сендер өздеріңе берілмеген қасиеттерді тауып, жаңа дүние жасай аласыңдар.Бұл бәрі үшін үлкен сабақ...
P.S. Ал біз, қазақтар, 25 жылда не істедік?!