Ал біз бүгін "Наурыз мейрамын" тойладық!

Бүгін өте керемет салтанатты күн өз мәресіне жетіп жатыр. Өмірімде екінші рет осындай көлемді Наурыз мерекесін көрдім. Яғни, бір жыл бұрын дәл осы жерде Алматы бизнесмендер асацияциясы және «Тамшы» қоғамдық қорының атсалысуымен, қаншама қазақтың арда азаматтарының бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымен халықтың қызығына арналған үлкен шара өтті. 35-тей киіз үй тігіліп, бір күнге арналған баяғдарлама құрылды, соңы жұлдызды концер пен көкпармен аяқталды.

         Бизнесмендер деген аты ғана, кәдімгі қарапайым ұлтын сүйетін, дәстүрін ұлықтап, салтын сақтайтын қазақ ағайын. Әйтпесе, қалталарына сыймай бара жатқан көл-көсір ақшалары да жоқ. Бірақ қолға алған игі істері тамаша, биыл екінші рет өтіп отырған салтанат алыс-жақын жолдастар, дос-таныстардың ұйымшылдығының арқасында өз дәрежесінде өтті. Жылына бір рет шашылып, шашылғанда да көрініп, үлгі болар іске бет бұрған. Бірі киіз үй тіксе, малын сойып, етін әкем, енді бірі жалға жер алып, киіз үй бұйымдарын орналастырып, дастарханға жауап берісіп, қонақ шақырып, қонық кәде дайындасысын жатты. Ешкім қолқаламады да, үгіттемеді де, міндеттемеді де...

Ең бастысы ол кісілер аттарын атап, мақтанбады, атақ іздемеді, тек өздеріне, отбасыларына және туған, жақын ағайындарына, қарапайым аудан тұрғындарына кермет қызық күн сыйлады Себебі таңнан басталған бағдарлама аясында дәстүрлі түрде құдайы қонақ күтіп, тарихи оқиғалардағыдай қонақтың алдында шабармандар кеп елге хабарлап, тойды бастады. Ауыл тұрғындарына саналатын 35 қазақ үйдің адамдары мен көруге келген аудан тұрғындары келген қонақты күтіп алып, шашу шашып, қымыз ішсізді. Сосын әр киіз үйдің ішінде, сыртында дайындалған дастархандарға кез-келген адам кіріп ас ішіп, әр үйде болып жатқан думанды тамашалай алды. Ішке ел қонған халық сыртқа шыққан соң қазақ күресіне, арқантартыс, асық ойындарына қатысып бақтарын сынасты, жүлдегерлер анықталды. Бірталай уақыт өткен соң түс ауа ат үстіндегі аударыспақ ойыны болды. Атын естігенмен қанша наурыз мерекесін тойлағанда бұл ойынды көрмеген едік. Ел ішінде әлі де аттың құлағында ойнайтын ер азамтатар баршылық екен. . Бәріміз мүмкіндігімізше ұлттық киім киіп қазақтың қолөнерінің, ұлттық нақышының керемет әдемі екендігін бір-біріміздің киімімізге қарап таңдай қаға айтыстық. Шынымен де ең әдемі киім қазақтың ұлттық киімі ғой...

Артынша мерекелік концерт басталды. Концертте кішкентай әнші бала Ермектен бастап Талғат Жорабаев, «Сұңқар», «Меломен» топтары, Гүлмира Ақұрбекова сынды өнерпаздар халыққа әндерін тарту етті. Ал қазір аты дүркіреп тұрған «Өнер қырандары» атты әзіл-ысқақ театыр жігіттері бар бағдарлама барысын өз мойындарына алып, таңнан-кешке дейін еңбек етті. Концертте де назардан тыс қалмады. Барлық өнерпаздар бұл игі шара үшін өз уақыттарын арнап, оған бір тиын пұл сұрамады. Бұл атымтай азаматтардың жасап жатқан мерекелеріне қосқан үлестеріміз деп өз лебіздерін білдірді.

         Күні бойы 35 қазақ үй өзара жарысты. Ұйымдастырушылар арнайы жюрилерді тағайындап үйлердің іші, сырты, адамдарының киім киісі, ыдыс-аяғы, ұлттық тағамдары, дайындаған жеке өнерлерін, бәрін-бәрін ескере отырып бағалады. Негізі барлық үй жалпы Батыс Қазақстан, Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан болып 5-6-дан бөлініп жеке ауылдар ретінде реттелді. Ол жердежершілдік жоқ, мысалға Шығыс Қазақстан ауылында Қарағандылық, Жетісулық, Маңғыстаулық азаматтар да жүрді, бар болғаны солай ауылдарды бір-бірінен айырды. 12-дей  номенацияда мақтау қағаздары беріліп, үздіктер анықталды. Үш орын және бас жүлденің лайықтылары аталды. Бас жүлде Батыс Қазақстан ауылының намысын қорғаған киіз үйлерге бұйырды. Содан соң күні бойы болған ұлттық-ойындардың жеңімпаздары мадақталды. Бәріне ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдар сыйға тартылды.

         Айтып айтпай не керек, сол ерікті азаматтардың ішінде менің әкем болғандықтан бағыма қарай осындай қызықты меркенің куәсі атандық. Естен кетпес күн болды.  Бәрі жыл сайын тойлап тұруды мақсат етісіп жатыр. Менің де осыған үлес қоса алғаныма қуаныштымын. Біздер, жастар да ұлтымызды ұлықтайтын кез-келген істің алдында жүргіміз келеді. Алла бұйыртып жатса... 



Бөлісу: