Ал, Әбеке!

Ал, Әбеке!

«Тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» деген бар. Тым аз уақыт болса да сыйластығымызға, сырлас, достығымызға сызат түспеген екен.

Жырымыз да бір болатын,

Сырымыз да бір болатын.

Көктем сайын гүл теретін

Қырымыз да бір болатын.

Қуансақ та бір қуандық,

Уансақ та бірге уандық.

Жарастығы естен кетпес

Бір өткіздік күнді барлық.

Осы бір қалыптасқан тамаша қарым-қатынас алдағы кезеңдерде де беріктігін сақтар, дәстүр жалғастығына ұласар деген үмітім зор. Үмітпен осынау хатты өзіңізге арнадым. «Аттың сыры иесіне мәлім». Арнаудың мақсаты – рұқсатыңызды, ризашылығыңызды алу. «Жақсы аттың жалын сақтағанша, жақсы жігіттің арын сақта» деп, айтқан сөзіңізге тақ тұрдық; «Сариев сарбазы» атандық ). Еңбегімді бұлдап, орынсыз салмақ салғалы тұрғаным, қиыншылығынан қашып, абыройынан бас тартқалы тұрғаным жоқ. Антқа да адал, сертке де берік, жолдас үшін жан қиюға бар жанбыз. Талқыға салатын мәселе емес, істің реті, нобайы солай болып тұр. Ашылмаған аралдар бар, тек «менің» ғана ісімді, бойдағы қуат күшімді аса қажет етіп тұрған жобалар бар, сонда ғой мәселе. Мен, тым ұзаққа кетіп барамын. Сәт, сапар тілерсіз.

Ал, Әбеке!

Аса алыс та емеспіз. Аманшылықпен бас қосып жатсақ, сағынышпен еске алар сәулелі сәттеріміздің де мол екеніне сенімім кәміл. Бізді табыстырған – Массагет! Артыма бұрылып қарасам, ай айналып, жыл толған екен. Зымыраған уақыт-ай. Үнсіз келдім, үнсіз ғашық болдым. Мен, ақын емеспін, ғашықтық ақын етті. Мен, блоггер емеспін, ғашықтық оған да үйретті. Сол жанға деген сезімім, мезеттік күйімді мына шумақтар жеткізе алса, сөзімнің жалған болмағаны да.

 Есіл лебі

Сыр тыңдап мен де, отырмын мына жағадан,

Ұқсам деп мәнін Есілден ескен самалдан.

Толықсып тулап, тыншыға лезде қалады –

Көңілді көңіл, мұңлы да шерлі салған ән.

 

Айтар ем әнін, шертер ем күйін тамсана,

Есілден алып шалқытсын биін – Астана.

Ғашықтық сезім, махаббат күйін кешпеген –

Қиял деп ұқсын, ертегі мейлі, әфсана.

 

Тыншиды Есіл, тулайды Есіл тағы да.

Тыншиды көңіл, толқиды жүрек сағына.

Тауысып төзім, сарғайтып көңіл тағатын –

Ағады Есіл. Арайлап атар таңы да.

 

Сол перизат, менің музам болып қалды, қала да бермек. Массагет – менің, мектебім!


Ал, Әбеке!

«Ат баспаймын деген жерін үш рет басады», дейді. Мүлде, ат құйрығын кесіп бара жатқан жоқпыз, тек іс реті солай болған соң іздеп, алаңдап қалмасын деген көңілмен жазып отырмын. Бірақ, дәл қай мезгілде соғатыным Аллаға ғана аян. Менің, жұмыс стилім тұрақтылыққа негізделгендіктен, көбіне алаңсыз бір ғана бағытта болғанды жөн көремін. Соның өзінде менің алдымда үш үлкен сайт ісі тұр екен. Қырам-жоям деп айтпаймын, үміт артып, сенім білдірген соң арға сын. Сондықтан, Әбеке, мейлінше сабырлы, түсіністікпен қарағаныңыз жөн болар. Пенденің аты - пенде, демек, періште емес. Пендешілік қасиет басым бола тұра анау едім, мынау едім, күнәдан пәк едім деу бойыма жат. Кім, Бигелдіні қалай қабылдады, солай болып қалсын. Кешір деп те, жоқ деп те айтпаймын. Бір нәрсе анық, Массагетте менің жауым жоқ. Ал, айтқан ой, пікірге бола қастасқан, «көтенге өкпелеген қойшыдай» томсырайған жан болса, алдынан жарылқасын. Айтсақ, Адам бол! дедік; Сауатты, көркем жаз! дедік. Расында, былтыр дәл осы мезетте Массагет трольдар атакасынан көз ашпайтын. Жазылған анайы пікірлерді оқығанда астыңдағы атыңнан ауып түсе жаздайтынсың. Ал, қазір іс те сөз де түзелді; сапалық биікке көтерілді. Әлі де атқарар істер шаш етектен. Десе де оны өздері меңгеріп алып кетеді, қажеттілігіміз шамалы. Ең бастысы достық парыз адал атқарылды. Осы орайда «Менің достарым кім?», - деген сауал туындар. Менің достарым – достарымның достары, һәм, қастарымның қастары! )))

Ал, Әбеке!

Қош, аман бол!

Кио ку мицу!




Бөлісу: