Ақындық - азап па?(Байқауға)
жеке
блог
блог
Сәлеметсіздер ме, қадірлеуге лайық оқырмандар?!
Мақсаттарымның бірінде жаңа туған өлеңдерімді массагеттік оқырмандардың назарына ұсынып, бағасын алғым келетіндігін жазған болтынмын.
Кешегі түнде санамды бір ой мазалап, өлең деуге ауызым бармайтын шимайды жаздым...
Жалын шарпып жас жанымды,
Ақындардай бейне бір
Ішкі сырым ақтарылды,
Жаным тылсым күйде жүр.
Түсініксіз.
Бір сәт санам күй ақтарды,
Туғандай боп жаңа бір сыр
Жырым жансыз сияқтанды
Тірілте алсам демімменен...
Қалауым сол.
Ешкім бармас, бара алмас
Тылсым арал бетінде
Әрбір мұңды санап алғаш
Мұңға еніп кетуге
Дайынмын мен.
Өлең деген не десе егер,
Мұхит дер ем тұңғиық
Қайығымды есе берем,
Әр тамшыдан сыр жиып.
Жалықпастан.
Ақындық не десе егер,
Айықпайтын дерт дер ем,
Айықтырса өшеді өлең,
Бақыттыны ақын етпеген.
Әділетсіз.
Ақыл айту тән емес,
Жетілмеген жаныма.
Сырлас болды тағы елес
Елес досым, тағы да.
Жалғызбын мен..
P.S. Қателік кетсе, жаза кетіңіздер. Түзейтін боламын!