Мәссаған безгелдек! Бүгін жаңа блогтарды оқып отырсам осы блог көзіме бірден түсті. Өйткені тегінде" ақын туралы" деп жазылған екен. Атауын көріп одан сайын ынтазар болдым.Оқып шыққанша асықтым. Ауыр ойланып қалдым,кейбірімен келісемін,кейбірімен келіспеймін. Рет-ретімен тоқтала кетейік:
1.Блоггерлер туралы Гастрбайтер деген лақаб аты бар блоггерші былай деп жазған екен;
Блоггердің ән ұраны!
ішетіғұн виноңды жаз,
көретұғын киноңды жаз,
мысығыңды жаз,итіңді жаз,
дамбалдағы битіңді жаз,
елдегі жағдай дағдарса,
жылап өксіп соныңды жаз.
"Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" демекші," көпке топырақ шашпаймын" деп автор айтып алып, ақынДАР,-деп шашып отыр...
2."Мен ақынмын" деп кеудесін соққандар ақын емес. "Ол ақын!" деп тыңдармандары мен оқырмандары айтқан.Әу демейтін қазақ жоқ демекші,төрт шумақты ұйқастыра алмайтын қазақ жоқтың қасы. Солардың бәрін ақын дей береміз бе? Проза кз,-сайтынан алын ған "Жазғыш" деген өлең.
Бір теңге беріп бастатып,
Бес теңгемен қойдыра алмай.
Сынағанмен қастасып,
Өзгемен қосып, өзін де алдай.
Кімнен кеммін?-нен басталып,
Мұхаңмен теңмін,-деп,жын ұрды!
Ешкім оқымайтын дастанын,
Миллион данамен шығарды.
Абайға күмәнмен қарайды,
Оқып көрмесе де, ешқашан.
Өзін"Ұлымын"деп санайды,
Соңыңа түседі, қастассаң.
Мені атып өлтіретін адам жоқ,
Керемет екен,-деп едім мылжыңын.
Содан бері тыным алған жоқ,
Жазып өлеңнің, жүз мыңын!
3.Адам өзгерді ме,заман өзгерді ме? Не болса да өзгерістерге толы өмірде өмір сүріп жатырмыз. Эротикалық жанрда жазатын қыздарымыз да көбейіп кетті. Мүмкін заман талабы солай шығар. Дұрыс-бұрысын ұрпақтар бағалай жатар. Оқырмандар табылған соң жазады да!
4. Отбасын сақтау туралы.. Президенттердің өздері ажырасып жатқан заманда...
5.Үлгі жайлы... Бес саусақ бірдей емес ! Ақындар да әртүрлі болады.. бұл даулы мәселе, өміріңнің ақырына дейін дауласуға болады.
6.Назарға ұсынылған өлең, ешқандай да өлең емес(өлеңдіктен садағасы кетсін ондай мылжыңдық!) Жазғыштың құрастырған тақпағы!
Енді пікірлерге келейік;
Ардақ Құлтай. Әңгіме болсын деп жаза салынған пікір.
Абзал Сариев. Пікірімен келісемін.
Айша Балтахаева Кусаинова.Керемет ақынның өлеңдері жайлы пікірімен келісемін.
Мен де ұяламын, Есіл Еркесі!
Базаралы Ұлықпан. Иә, құдайға шүкір!
Anara Mustafina.Ақынсымақтарды сынау керек, сонда бәлкім бірдеңе шығар... Мұқағали Мұқатаев жанұясы бола тұра Фариза, Фаризажан,-деп шырқаған ғой))!
Meyirzhan Auelkhan. Мен ақын емеспін,бар болғаны жазғыш болсам да ҮНДЕП жатырмын, нағыз ақындар оқыса... Кімнің миы аздау екенін көрсетер еді!
Несіне күлесіз, Гүлжан Серік қарындас?
Өмірбек Сансызбай. Қателеспесеңіз дұрыс айтасыз!!!
Арманыңызға жетуіңізге тілектеспін, Мақпал Сембай(Мамытбай)!
Aizhan Tabyn. Дұрыс айтасыз!
Мирас Кесебаев. Тисе терекке, тимесе бұтаққа,-деп сөйлей салатындардың қатарынан екенсіз! Жарқыным-ау, Абайда неңіз бар?
Әбіләкім ибн Сүбіләкім. Диалектикалық сөздерді көп қолданғаныңыз болмаса,тәп-тәуір ақ өлең!
Ұларбек Дәлейұлы. Бәлкім сіздікі дұрыс шығар!
Aidyn Maratov. Кімді немесе нені құптайсыз?
Мақпал Төребек Тұрлыбекқызы. Иә, талғамға талас жоқ!
Әсел Асанова. Сізге не айтарымды да білмеймін. Жүрегіңізге жүгініңіз, жүрек алдамайды!