«Шын ғашықтар қосылмайды», «Ләйлі мен Мәжнүн сезінген махаббат», «Қозы мен Баяндай жұптасқан» деп жатамыз. Махаббат деген ұлы сезім егер сезіне алсаң. Біреуге ерте біреуге кеш келеді. Бірақ оның келері анық қашан болса да. Бірақ өзіміз кеш түсініп жатамыз. Тіпті бой алдырмай кейде.
Мен романтиканы барлық қыздар секілді жақсы көремін. Әрбір сәттен ләззат ала білемін. Табиғатта өзіммен өзім сырласу да жат емес. Терең ой,сезімге толы жыр шумақтарды оқып тіпті көзіме жас та аламын. Бірақ дәл өзімнің емес өзгенің маған деген махаббатының баяны жүрегімде. Себебі оның бойында нағыз ұлы сезім бар. Мен мойындаған бірақ мүмкіндік бермеген. Әлі де бермей келген. Қалай басталғаны да қызық болар бәлкім, бірақ ешкім ойламаған жерден біраз уақыттан бері сырттай таныс жандар көзбе көз танысқанда серінің сезімі тұла бойын өртерін ЕШКІМ білмеді... Ия оның бойын. Еркемін ғой, бұзықтығым да жоқ емес. Өмірімде бірінші рет адам баласына "сұқ саусағымды" көрсеткенім сол еді, жігіттің сезімін оятып жіберіппін. Оның өзі қалай болғаны белгісіз,әдетте ондай әдетім жоқ ты. "Саусақ шығару" өте тәрбиесіздік деп санайтын мен байқамай сол "тәрбиесіздік"деп санаған "ишараммен" бір ақынға муза бола жаздадым. Мүмкін әлі де болармын. Қысқасы жігіттің сезімі таза,пәк,шынайы. Арналған әрбір өлеңнен мен наздана түсемін. Ұнайды.Ұғамын.Сезінемін қалай туғанын. Өзі кішкене сезімге бой алдырғыш болса да,мінезді жігіт.Бірақ бәрібір жүрегі нәзік. Өзгелердің алдында тік болған еңсесі маған келгенде еріксіз төмен болады.Себебі сезімі бар маған деген. Сыйлаймын шексіз. Еркелігі де жоқ емес. Өлеңіне жауап қатпасаң балаша ретжіп жатады,ақын емес пе?! Түсінесің. Кейде мұңға көп беріледі...Жас ғұмырын мұңға көп төсейді...Мұң оның шабыты.
Қиялмен ақ қуанам да,мәз болам
Көрер күнім сезуімше аз маған
Балалықтың балы көптеу біткенмін.
Кешір,маған бақытты өмір жазбаған
Тәтті емес ед Тағдыр жазған тағдырым
Жүрегімде жылымайтын бар мұңым
Лақтырыппын з өзімді төменге
Жат қылықтың қоям бірақ барлығын
Бәрі де бос елес
Ештене кеш емес
Жазшы жылы смс?!, деп менен смс күтетін...
Айтайын саған факты
Бірге өткізген уақытты
Екеуміз түскен суретте
Жігіт өтірік бақытты
Күндерім күнде кемісін
Ұнатып көрші мені шын
Бәрі де,бәрі сен үшін.
.......
Жаным ау жеңілдейді жыласа адам
Сырымды саған ғана мың аша алам
Орман болып өртенген сезіміммен
Қорған болып өте алам мына саған.
.....
Өкінем қате жолдарым үшін
Жалған сезімнің қорғаны мүсін
Сенімен бір күн дымсыз кездесем
Күндіз Бақдәулет болғаным үшін.
......
Махаббатым менің сені ойладым
Ұмыттың ба мені нені ,ойладың?
Махаббатым жаным,арай бағым
Ұмытамын бәрін солай жаным!
....
Алысқа жырақтасаң да
Жақындап жұбатпасаң да
Жарайды,ұнатпасаң да
Бір көрінші көзіме
Жүрекке сый алмасаң да
Бір көрінші көзіме?
Жанымды жараласаң да
Мәңгіге қарамасаң да
Жек көріп қаламасаң да
Бі көрінші көзіме
Ойыншық қылып ойнасаң да
Сені ойлауды қоймасам да
Қуанып мөлдіреп
Бәрі бітті болды деп
Ақымақ деп ойласаң да
Соңғы рет,бір көрінші көзіме?!
Мұндай сезімге толы өлеңдер толассыз....Бірақ не пайда?! Ол қыз тым қайсар,бірбеткей, жүрекке емес ақылға құлақ түретін. Бірақ дәл бұл жағдайда ақылды емес жүректі тыңдап отыр. Білмеймін не болғанын ,мына мінездің қайдан пайда болғанын?! Не пайда? Жауабы жігітті қуантпаса...
Бірақ бір білерім оған шабыт сыйлаған бұл сезімнің ерекше екенін. Мен мұндай махаббат көрген жоқпын. Ғашықтық ұлы сезім естен айыратын. https://vk.com/audios159592729 Мұнда бар сезімін баяндаған,бастысы үлкен жүрегімен оқыған өлеңдері бар. Естіген сайын көзге жас үйіретін. Толассыз жас әкелетін. Бұл қандай жас білмеймін. Мүмкін мені шын сүйгені үшін қуанған жас,бәлкім қатал мінездің артындағы нәзік жүректің жасы... Белгісіз.
Бәрін түсінген ақылым осы жігіттің сезіміне бой бермеді. Мүмкіндік берді бірақ аяқсыз қалдырды. Бәлкім көзім оны емес өзгені көрер,өзгені аңсар. Ол да тұман. Бәрі тұман. Адасқандаймын. Қолымнан тартып тұманнан құтқарам деушілерді итеріп әлекпін. Өзім,өзім,өзім деп құлақ түрер емеспін.
Бүгін сені ойладым. Ия, Ақын, Сені! Бастысы аман жүр. Бұл бүгіннен естелік......
17-01-2014жж.