Ақын және табиғат.

Ақын және табиғат.
жеке
блог

   Ақын және табиғат.

       Ақын мен табиғат бұл-дүниенің бір бөлігі сияқты. Біз табиғаттан жаралып, нәр алғанбыз.Адам баласы дүниеге келгелі бері, табиғатты аялап, қорғап келеді. Табиғат бұл дүниенің бір ғажайыбы. Бізді қоршаған әлем бұл-әрине табиғат. Табиғат құлпырса, адам да жайнап, құлпыра түседі.

       О, дүние десеңші керемет қой. Жарқырап шыққан күн, мөлдір су, әсем гүлдер, таза ауа, орман-тоғайлар бұл адамға қуат, шабыт береді. Ақынмен табиғат арасында үзілмес қарым-қатынас, тамыры жетпес байланыс бар.

     Ақындар да табиғатқа қарап қуат алады. Ақындар табиғаттың тылсым, ғажайып көріністерін өлеңмен әсерлеп халыққа жеткізеді.

     Менің ең алғашқы баспаға шығарылған өлеңім ол туған жердің табиғаты жайлы асырлағам. Әр ақын табиғатқа қарап қуат алып, шабыт алады. Мысалы тірі емес затты, әсерлеп, көркейтіп өлеңмен жырмен, ол затты тірілтуге болады. Адам табиғатқа терең қарап отырса, өзінің жан дүниесінен керемет, әсем сөздер шығып, өлең жазып кетеді.

    Адам мен табиғат арасында үзілмес кең байлық жатыр!