Ерте-ерте ертеде, Қарақұмның бойында Үшкөпір деген ауыл бар екен. Сол ауылда Мұратбай деген әлсіздерге болысып жүретін, өзі әділ кісі өмір сүріпті. Оның әділдігі мен биік парасатына сүйсінген жұрт Мұратбайды өзіне басшы қылып алыпты.Күндердің бір күні Мұратбайдың әйелі жүкті болады.Тоғыз ай тоғыз күн болғанда әйелі толғатып,босаныпты.Торсық шеке,аппақ ұл туыпты.Мұратбай ұлды болды деп бүкіл ауыл тойлатыпты.
Той басылған соң,Мұратбай құндақталған сәбиі мен әйелін алып жолға шығады.Арып-ашып үш түн,үш күн жүреді.Мұратбайдың беттеп бара жатқаны аты мәшһүр ақын Ерімбеттің үйі еді.
Есіктен кірген бойда Мұратбай :
- Ассалаумағалейкум ақсақал,есенсіз бе? деп амандасады.
Мұратбайды көріп қария қуанып, кемпіріне ас көтер дейді.
- Есенбіз,қарағым.Неғып жүрген адамсың?Қарасам,жүзіңнен нұр,көңіліңнен қуаныш көріп тұрмын дейді
Мұратбай:
-Ақсақал ұлды болдым.Үш күн,үш түн жол жүріп,сізге арнайылап келдім.Батаменен ел көгерер,жаңбыр менен жер көгерер демей ме,мына балам еліне біткен бала болсын деп сізден бата алғалы келдім.
Ақсақал:
Қуанышын құтты болсын балам!
Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем қайырға толсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын, деп батасын береді.Түс ауғанда қонақтар қайтады. Келген қонағына Ерімбет бір жылқыны құлынымен айдатып жібереді.
Кейін Ерімбеттен бата алған бала тұла бойы қайсарлық пен намысқа,ойы ақыл мен парасатқа толып,заманында шығыс жастарының көшбасшысына айналған,әкесі қалағандай елінің ардақты ұлы болған, Ғани Мұратбаев деген қадірлі тұлғаға айналады.