Ақын болып кетем-ау... :)

Ақын болып кетем-ау осы. )) Өлеңнен қашқан сайын, ол менің артымнан қуатын сияқты көрінеді ) деп өзіңше болып сөйлеп кетсең ба ))

Түс көрдім бүгін. Түсімде өлең сөздері келіп жатыр ойыма, ішінде "моншақ" деген сөз көп кездеседі екен. Бұрын да екі рет осы түсті көргем. Дәл осы түс емес, осыған ұқсас. Бір-бірімен қиыспайтын, қабыспайтын сөздер өлеңнің ырғағымен құлағыма келе береді, келе береді. Мен айтып жатам сыртымнан күбір-күбір етіп ) 

Шаршағаннан сандырақтаған шығармын деп жұбатып қоям өзімді)

Бәрібір әлі сол түстің әсерінен айыға алмай отырмын.  

Түс көрген жоқсыз ба сіз? ;)



Бөлісу: