Ақын болу әп-сәтте )))

Ақын болу әп-сәтте )))
жеке
блог

"Байқағаным, қазақтың әр баласы өлең жазбаса бір нәрседен кенде қалардай сезінетін сияқты. Болсын, болмасын ұйқастар құрып, өтірік өлеңдер шығара беретіндерді көп кездестірдім." деген Анараның сөзінен бір нәрсе есіме түсіп кетті.

Кезінде мен де өлең шығарумен әуестенгем. Кейін он.кзда Ертай Жалғас пен Ардақ Құлтайдың сынынан кейін өлең жазуды доғардық қой.)) Оқушы кезімде өлең сымақ шимақ-шатпайларым обылыстық газеттер мен альманахтарға жарияланып тұрды.

Інім үш оқитын кезі. Бір күні ешкімге айтпай бір-екі өлеңімді інімнің атынан газетке жібердім. Інімнің аты-жөні мен қоса оқитын мектебі, ауылдың аты жарияланған. Директордан бастап оқушылардың бәрі қошеметке бөлеген інімді. Негізі біздің мектепте ешкім олай өлең жариялап белсенділік таныта бермейді. Содан әрине, мақтау сөздер құлағына майдай жағады. 

Ол кезде мен аудан орталығында оқитын едім. Әр сенбі сайын үйге келіп тұрамын. "Бір адамның болашағы бір адамға байланысты" (с) М.Шаханов. Өлеңнің астында қалдым. Інім ұйқасы келсін келмесін топырлатып өлең шығарып, менің сынымды естуге дайын отырады. Бір екі жолдары есімде қалыпты. Мынадай болып келеді:

"Аппақ менің Аралым,

Сүйіп өскен Аралым.

Көмектесу жолдарын

Депутатқа жолдадым" сол уақытта ауылға ақын М.Шаханов келген болатын. ))

одан кейінгісі мынау есімде қалғаны:

Рингтен аттап тұрамын.

Мен боксшы боламын.

Бекзат аға сияқты

Дәлдеп тұрып ұрамын. 

Жалпы кез-келген қазақ өлең шығаруға табиғатынан бейім келетіні рас шығар.Кейін есейген соң қойып кетіп жатамыз.