Ақын ажалы
Тәтті өмірге келіп еді ол –ащы үнмен.
Келіп еді Ол- бір алапат тасқынмен.
Сөз - патшасы жүрегінде жаңғырып,
Тайталасты Тағдыр дейтін тақсырмен.
Тайталасты тағдырмен таласты,
Таласудың басы, соңы-бәрі ащы.
Жарасудың жөнін таппай жабығып,
Жазған жыры жан жарасын тағы ашты.
Жыр жазбаса кететіндей жынданып,
Бүртүрліғой, Ақын дейтін, бұл – халық.
Жазған жырын жел тыңдаса мұңданып,
Ел тыңдаса қалатұғын бұлданып.
Тыңда, ақынды,
көпірі жоқ – Көл –Ана,
Тыңда, ақынды, нөпірі көп Жер -Ана
Тыңда, ақынды, тіреуі жоқ көк Аспан,
Тыңда, ақынды, Аспантаулар көкала!
Өзегіңе шоқ боп түсіп, домала!
Домаланған мынау ғапыл дүниеде
Өз мұңыңды тыңдамауға болама?
Ол ішіп жүр...
кім бар дейсің, соры аппақ?
Ішсін, мейлі, күні –түні сораптап.
Жүрген шығар тандырланып тағдыры,
Күйген шығар қарығанда шөл, аптап?
Мына өмірдің мың бұралаң соқпағы
Кімді апарып тау мен тасқа соқпады.
Кеше ғана кеміс туған кещелік
Ақындардың өлең-жырын соттады...
Ал, ақындар, өлмесе де дем үзді
Болашаққа айтамыз деп немізді.
Әлгі әккілер атқа құлын емізіп,
Жан, жүректің жатқа мұңын жегізді.
Тарыққанға тіл –ащы да ар тәтті,
Жабыққанға болар ма екен жан тәтті?
Адасқанның артындағы мың соқпақ,
Тарамыстан таспа тіліп тарқатты...